Ахметов Даниал Кенжетайұлы

Ахметов Даниал Кенжетайұлы

Президент

1954 жылы 15 маусымда Павлодар қаласында дүниеге келген.

1976 жылы Павлодар индустриалды институтын бітірген. Мамандығы бойынша инженер-құрылысшы.
Экономика ғылымының докторы, Қазақстан Республикасы Минералды ресурстар академиясының академигі.  

Еңбек жолы:

1976-1981 жж. - «Павлодар тұрғынқұрылыс» тресінде мастер;

1981–1983 жж. - Екібастұз қалалық партия комитетінде нұсқаушы;

1983–1987 жж. - «Екібастұзшахтақұрылыс» комбинатында бас инженердің орынбасары, партком хатшысы;

1987–1991 жж. - Екібастұз қалалық атқару комитеті төрағасының орынбасары;

1991-1992 жж. - «Екібастұз энерготұрғынөндірісқұрылыс» трестінің басқарушысы;

1992-1993 жж. - Екібастұз қалалық әкімшілігінің басшысы;

1993-1997 жж. – Әкімшілік басшысы, Павлодар облысының әкімі;

12.1997-10.1999 жж. - Солтүстік Қазақстан облысының әкімі;

10.1999-21.12.2000 жж. - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары;

21.12.2000-21.11.2001 жж. - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасар;

21.11.2001-13.06.2003 жж. - Павлодар облысының әкімі;

13.06.2003-08.01.2007 жж. - Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі;

10.01.2007-17.06.2009 жж. - Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрi;

12.2010 жылдан – Экологиялық энергетика саласындағы компаниялың басшысы;

2012-11.2014 жж. – Энергетика және инфрақұрылым министрі;

2014 жылғы 11 қарашада Шығыс Қазақстан облысының әкімі болып тағайындалды.

Марапаттары:

«Барыс» 2-і дәреже (2004), «Барыс» 3-і дәреже (1999), «Құрмет белгісі» (1986); «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев» (2012) ордендері және «Астанаға 10 жыл» атты мерейтойлық медалі (01.07.2008).

Эльдар Рашидұлы Табанов

Эльдар Рашидұлы Табанов

Бірінші Вице-президент

1968 жылы 7 желтоқсанда Алматы қаласында дүниеге келген.

1994 жылы Алматы халық шаруашылығы иниститутын «Эконмика» мамандығы бойынша бітірген.

1994-2008 жылдар аралығында мемлекеттік қызметте болған.

2009 жылдан бері коммерциялық кәсіпорынды басқарады.

Сондай-ақ мынандай қызметтер атқарған:

ҚР Қаржы министрлігі басқармасының басшысы

«Астана-энергосервис» ААҚ Басқарма төрағасы

ҚР Премьер-министрінің Кеңсесі Өндірістік сала және инфрақұрылым бөлімінің меңгерушісі

ҚР Премьер-министрінің кеңесшісі

Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы елшісінің кеңесшісі

«Ценабанк» АҚ Басқармасының аппарат жетекшісі

«Астана» ӘКК ҰК Басқарма төрағасының орынбасары

2016 жылдың 5 желтоқсанында Қазақстан жеңіл атлетика Федерациясының Бірінші Вице-президенті болып сайланды.

Алексей Михайлович Кондрат

Алексей Михайлович Кондрат

Вице-президент

1957 жылы 25 сәуірде Қарағанды облысының Балқаш қаласында дүниеге келген.

Жеңіл атлетикамен 1966 жылдан бастап, Балқаш қаласындағы БЖСМ-де айналысқан. Бірнеше мәрте жасөсірімдер арасында республикалық және Бүкілодақтық жарыстарда топжарған.

1973 жылы Бүкілодақтық оқушылар Спартактиадасына дайындалу үшін Алматыдағы республикалық мектеп-интернатқа ауысады.

1974 жылы Қазақ мемлекеттік денешынықтыру институтына оқуға түсіп, оны

1978 жылы үздік бағамен бітіріп шығады.

1974-78 жылдары Бүкілодақтық «Буревестник» спорт қоғамына кірді.

1978 жылы Совет Армиясының қатарына шақырылып, 1978-1980 жылдары СКА-12 спорттық бөлімшесінде отан алдындағы борышын өтеді.

Аса ауыр жарақат алған соң, жеңіл атлетикамен белсенді айналысуды тоқтатады.

1980–1991 жылдары резервтегі спортшылардың аға бапкері, кейіннен «Еңбек» қоғамының аға бапкері болып қызмет атқарды.

1991 – 2016 жылдары ҚР жеңіл атлетика Федерациясының Вице-президенті әрі Бас хатшысы болды. 2016 жылдың желтоқсан айынан бастап, ҚР жеңіл атлетика Федерациясының Вице-президенті.

2005 жылы Азия Қауымдастығының Конгресінде Азия жеңіл атлетика Қауымдастығының мүшелігіне өтті. Ал 2015 жылы Азия жеңіл атлетика Қауымдастығының Вице-президенті болып сайланды.

2015 жылдан бастап, IAAF Дамыту Комиссиясының мүшесі.
2009 жылы Азия жеңіл атлетика Қауымдастығының ұсынысымен сарықұрлықтағы жеңіл атлетиканы дамытуға қосқан үлесі үшін IAAF-тың «Құрмет белгісіне» ие болды.
Қазақстан Республикасының «Еңбек сіңірген жаттықтырушысы». ҚР Спортының құрметті қайраткері.

Лашын Ерқараұлы Аймағамбетов

Лашын Ерқараұлы Аймағамбетов

Бас хатшы

1981 жылы 29 наурызда Қарағанды қаласында дүниеге келген.

2001 жылы Е.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша аяқтаған.

2004 жылы Қарағанды экономикалық университетін «Әлемдік экономика» мамандығы бойынша бітіріп шыққан.

2004 жылы Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін («Халықаралық қатынастар» мамандығы) тәмәмдаған.

2002 – 2008 жылдары мемлекеттік органдарда қызмет атқарды.

2008 – 2011 жылы  Қазақстан футбол федерациясы президентінің кеңесшісі болды.

2011–2012 жылдары «Астана» футбол клубының президенті қызметін атқарды.

2013 жылдан бастап, Астана қалалық футбол федерациясының президенті.

 Александр Борисович Кощеев

Александр Борисович Кощеев

Спорттық директор

Туған жылы: 28 желтоқсан 1961 жыл

Азаматтығы: Қазақстан, Алматы

Білімі: 1979-1983 жылдар аралығында  Қазақ дене шынықтыру институтында (қазіргі Қазақтың спорт және туризм академиясы) жаттықтырушы-оқытушы мамандығында оқыған.
1983 – 1984 жылдар аралығында әскери борышын өтеген.  

Сырықпен секіруден спорт шебері, 1975–1984 ж.ж

Бапкерлік қызметі:

Еңбек жолын 1984 жылы Алматы қаласындағы №2 ОРБЖСМ-де сырықпен секіруден балалар бапкері болып бастаған.

2002-2005 жылдар аралығында жеңіл атлетикадан Алматы қаласының аға бапкері болды.

2005 жылы Қазақстан Республикасының жеңіл атлетикадан резервтегі құрамасының аға бапкері болып тағайындалды.

2005 – 2009 жылдар аралығында жеңіл атлетикадан Қазақстан Республикасы құрамасының бас бапкері болып қызмет етті.

2011 – 2013 жылы «Алматы» баскетбол клубының жалпы физикалық дайындығы бойынша жаттықтырушысы.

2006 жылы XV Жазғы Азия ойындарынан кейін Қазақстанның еңбек сіңірген жаттықтырушысы атанды.

Осы жылдар аралығында 15 спорт шеберін, 3 халықаралық дәрежедегі спорт шеберін дайындап шығарды.

1992 жылы жасөспірімдер арасында сырықпен секіруден ТМД чемпионы атанған Серген Ворониннің жаттықтырушысы.

ХДСШ атанған шәкірттері:

Елена Резник –2014 жылға дейін сырықпен секіруден Қазақстан рекордсмені болған (4.01 м)

Елена Кощеева – 2002 жылғы Азия чемпионы, 2002 жылғы Азия ойындарының қола жүлдегері, үш Олимпиада ойындарының қатысқан, 2004 жылғы Афиның Олимпиадасының финалисі.

Григорий Егоров – 1988 жылғы Олимпиада ойындарының қола жүлдегері, 1993 жылғы әлем чемпионатының күміс жүлдегері, 2002 жылғы Азия чемпионы. Григорий Егоровты  2000-2005 жылдар аралығында жаттықтырған.

 Тілеугүл Оразбаева

Тілеугүл Оразбаева

Заңгер

  Әлия Бежкенова

Әлия Бежкенова

Бас есепші

Хабиева Салтанат

Хабиева Салтанат

Бухгалтер

Әйгерім Хасенова

Әйгерім Хасенова

HR-менеджер

Оксана Хашагульгова

Оксана Хашагульгова

Ерекше сұрақтар бойынша кеңесші

Григорий Александрович Егоров

Григорий Александрович Егоров

Ұлттық құраманың бас жаттықтырушысы

Туған жылы: 12 қаңтар 1967 жыл, ҚазКСР

Азаматтығы: Испания

Білімі: 1984-1996 жылдар аралығында  Қазақ дене шынықтыру институтында (қазіргі Қазақтың спорт және туризм академиясы) жаттықтырушы-оқытушы мамандығында оқыған.

Еңбек сіңірген спорт шебері

Олимпиада ойыны, әлем чемпионаты, Еуропа және Азия чемпионатының жүлдегері

Егоровтың  үздік көрсеткіші әлі күнге Азияның рекорды болып саналады – 5, 90 метр. Бұл рекорд 24 жыл бойы жаңартылған жоқ

Григорий Егоров кәсіби карьерасын 2004 жылы Афины Олимпиадасынан соң аяқтады. Кейіннен ардагерлер арасындағы әр түрлі халықаралық жарыстарға қатысып жүрді.

2007 жылы қаңтар айында ардагерлер арасындағы әлем рекордын орнатты (5,20 метр). Бұған дейінгі ең үздік көрсеткіштің иесі американдық Эрла Белладан (1984 жылғы Олимпиада ойындарының қола жүлдегері) 2 сантиметрге асып түсті.

Спорттық карьерасын аяқтаған соң, 2008 жылы Олимпиада ойындарының қола жүлдегері тағы бір қазақстандық спортшы Дмитрий Карповтың жабық кешендегі әлем чемпионатына дайындалуына көмектесті.

2009 жылы Испаниядағы спорттық-туристік кешеннің спорттық директоры болып тағайындалды.


Спорттық карьерасы:

Жасөспірімдер арасындағы Еуропа чемпионатының күміс жүлдегері – Котбус, 1985 жыл

Жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында 5-орын Афины, Грекия, 1986 жыл

Еуропа кубогының иегері – Прага, 1987, Фракфурт, 1991 жыл

Олимпиада ойынының қола жүлдегері –  Сеул, 1988 жыл

Әлем чемпионатының күміс жүлдегері –  Штутгарт, 1993 жыл

Жабық кешендегі әлем чемпионатының екі дүркін күміс жүлдегері – Будапешт, 1989 жыл, Торонто, 1993 жыл

Еуропа чемпионатының күміс жүлдегері –  Сплит, 1990 жыл

Жабық кешендегі Еуропа чемпионатының алтын жүлдегері – Гаага 1989 жыл, Глазго, 1990 жыл

Азия чемпионаты: Манила, 1993 жыл (алтын), Коломбо, 2002 жыл (қола), Манила,  2003 жыл (алтын)

Жазғы Азия ойындары: Хиросима 1994 жыл (күміс), Пусан,  2002 жыл (алтын)

Афро-Азия ойындарының алтын жүлдегері – Хайдарабад,  2003 жыл

2004 жылғы Афины Олимпиадасының қатысушысы


 Виктор Александрович Евсюков

Виктор Александрович Евсюков

Лақтыру сайыстары бойынша аға жаттықтырушы

Туған жылы: 06.10.1956
Найза лақтырудан халықаралық дәрежедегі спорт шебері.
Спорттық жетістіктері:
1986 жылы Германияның Штутгарт қаласында өткен Еуропа чемпионатында қола жүлдегер атанды. Ал 1987 жылы Италия астанасы Римдегі әлем чемпионатында екінші орын алды.
Еуропа кубогының жеңімпазы – 1987 жылы (Рим)
Олимпиада ойындарының қатысушысы – 1988 жылы (Сеул, 5-орын)
Азия кубогының иегері – 1992 жылы (Тайвань)
Гран-при финалының жеңімпазы – 1987 жылы (Брюссель)
Бірнеше халықаралық додалардың жеңімпазы.
Әлем рекордсмені – 1986 жылы (93,70 м).
Бапкерлік қызметі: Еңбек өтілі – 17 жыл
Әлем кубогының жеңімпазы Ольга Гаврилованы тәрибелеп шығарған.

Любовь Ивановна Никитенко

Любовь Ивановна Никитенко

Қысқа қашықтыққа және тосқауылдар арқылы жүгіру бойынша аға жаттықтырушы

Туған жылы: 06.12.1948
Халықаралық дәрежедегі спорт шебері және Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы.

Спорттық жетістіктері:

100 метрге жүгіруден және 100 метрге тосқауылдар арқылы жүгіруден Қазақстанның бірнеше дүркін чемпионы және рекордсмені.
100 метрге тосқауылдар арқылы жүгіруден Кеңес Одағының 8 дүркін чемпионы.
Монреаль Олимпиадасының қатысушысы.
60 метрге тосқауылдар арқылы жүгіруден Еуропа чемпионы.
Жеңіл атлетикадан алғашқы әлем кубогының қола жүлдегері (100 метрге тосқауылдар арқылы жүгіру).

КСРО халықтары спартакиадасының жеңімпазы (1971 және 1975 жылдары). Осы жетістігі үшін ҚазКСР Жоғары Кеңесінің құрмет грамотасымен марапатталған.

Бапкерлік қызметі:

Бапкерлік карьерасын 1984 жылы бастаған. 1986 жылы әйелдердің эстафета командасын дайындап, КСРО спартакиадасында екінші орын алды.
Осы уақытқа дейін екі Олимпиада чемпионын дайындап шығарған. Виталий Савин 1988 жылы XXIV жазғы Сеул Олимпиадасында 4х100 метрлік эстафетадан чемпион атанды.  Ал 2000 жылы Сидней Олимпиадасында Ольга Шишигина 100 метрге тосқауылдар арқылы жүгіруден жеңіске жетті.
Сондай-ақ әлемдік ареналарда табысты өнер көрсеткен Геннадий Черновол, Наталья Торшина, Наталья Ивонинская, Елена Никитенко, Татьяна Азарова, Виктория Зябкина, Әйгерім Шыназбекова, Юлия Рахманова, Светлана Голендова, Элина Михина секілді шәкірттерді тәрбиеледі.

 Дмитрий Васильевич Карпов

Дмитрий Васильевич Карпов

Көпсайыс бойынша аға жаттықтырушы

Туған жылы: 23.07.1981

Білімі:  2005 жылы Е.Букетов атындағы Қарағанды мемлекеттік унивеситетінің денешынықтыру және спорт факультетін, 2008 жылы заң факультетін бітірген.

Мамандығы: жаттықтырушы және заңгер.

Халықаралық дәрежедегі спорт шебері;

Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы (2004).

2003 жылы Италияда өткен жеңіл атлетикадан әлемдік Гран-приде онсайыстан 8253 ұпаймен алтын медаль жеңіп алды және Қазақстан мен Азияның рекордын жаңартты.

Сол жылы Сени-Дениде өткен (Франция) әлем чемпионатында қола жүлдегер атанды және Қазақстан мен Азияның рекордын жаңартты( (8374 ұпай).

2004 жылы Афины Олимпиадасында қола жүлдеге ие болды (8725 ұпай).
2004 жылы «Ерең еңбегі үшін» медалімен марапатталды.
«Алтын лига» Гран-приінің қола жүлдегері (Франция, 2004 жылы); Халықаралық жарыстардың күміс жүлдегері (Австрия, 2006, Германия, 2006).
2006 жылы XV Азия ойындарында онсайыстан топ жарды. 2007 және 2008 жылы Жапония мен Испаниядағы әлем чемпионатында қола жүлде еншіледі.

Александр Владимирович Корчагин

Александр Владимирович Корчагин

Секіру сайыстары бойынша аға жаттықтырушы

Туған жылы: 25:01.1972

Білімі: 2011-2013 жылы Қазақ спорт және туризм академиясын бітірген.

Сырықпен секіруден халықаралық дәрежедегі спорт шебері.

Спорттық жетістіктері:

КСРО чемпионы – 1982 жылы
Еуропа чемпионатының күміс жүлдегері – 1991 жылы (Салоники, Грекия)
Азия чемпионатының күміс жүлдегері – 1998 жылы (Фукуока, Жапония)
Шығыс Азия ойындарының жеңімпазы – 1997 жылы (Пусан, Корея)

Бірнеше рет халықаралық және республикалық жарыстарда сырықпен секіруден 5,80 метрден асқан.
2002 жылы спорттық карьерасын аяқтады.

Бапкерлік қызметі:

2011-2014 жыл аралығында «Ұлттық штаттық командалар және спорт резерві дирекциясында» резерв бойынша аға жаттықтырушы болды.

Қазіргі кезде «Олимпиадалық даярлау орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорынында бапкер және әдіскер.

Татьяна Анатольевна Назарова

Татьяна Анатольевна Назарова

Резервтерді даярлау бойынша аға жаттықтырушы

Туған жылы: 22.09.1973

Білімі: Шығыс Қазақстан облыстық мемлекеттік университетін қызыл дипломмен бітірген (1994 жылы).

Бапкерлік қызметі:

Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы

Еңбек жолын 1994 жылы Өскемен қаласындағы №4 БЖСМ-да жеңіл атлетикадан бапкер болып бастаған.
2001-2013 жылдар аралығында №4 БЖСМ-да жеңіл атлетика бөлімінің аға бапкері болып қызмет атқарды.
ШҚО-ның резерв бойынша аға жаттықтырушысы.
2003 жылы ИААФ-тың жатықтырушыларға арналған курсына қатысқан (бірінші деңгей).
2009 жылы ИААФ-тың екінші деңгейлі курсынан өткен.
1994-2002 жылдар аралығында Ольга Рыпакованы жаттықтырған.
2002-2012 жылдар аралығында Ольга Рыпакованың екінші бапкері болған.

Бапкерлік карьерасында жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатының 9 қатысушысын, жастар арасындағы әлем чемпионатының үш қатысушысын дайындаған.
2001 жылы Ольга Алексеева (Рыпакова) жабық кешендегі Қазақстан чемпионатында бессайыстан ең жоғары нәтижені көрсетті.
2002 жылы Ольга Алекеева жастар арасындағы әлем чемпионатында күміс жүлдеге ие болды.

Одан бөлек Варвара Назарова, Анастасия Сергеева секілді шәкірттерін айтуға болады. Жалпы, осы күнге дейін халықаралық дәрежедегі 3 спорт шеберін, Қазақстан Республикасының 10 спорт шеберін дайындаған.

 Артем Андреевич Жигалов

Артем Андреевич Жигалов

Орта, ұзақ қашықтық және марафонға жүгіру бойынша аға жаттықтырушы

Туған жылы: 12.12.1979

Білімі: Қазақ спорт туризм академиясын тәмәмдаған.

800 метрге жүгіруден Қазақстан Республикасының спорт шебері.
Негізінен орта қашықтыққа жүгірген.
Жеңіл атлетикадан ҚР чемпионы.
Ғ.Қосанов Мемориалының екі дүркін жеңімпазы (4х400 метрлік эстафета)
Кроссқа жүгіруден екі әлем чемпионатына қатысқан.
Артем Жигалов 400 метрден 5000 метрге дейінгі барлық қашықтыққа жүгірген.
Спорттық карьерасын аяқтағанша ұлттық құрама сапында өнер көрсетті.

Светлана Николаевна Толстая

Светлана Николаевна Толстая

Спорттық жүріс бойынша аға жаттықтырушы

Туған жылы: 09.08.1971

Спорттық жетістігі:

Төрт Олимпиада ойындарына қатысқан – 1996 жылы Атлантада 21-орын, 2000 жылы Сиднейде 21-орын, 2004 жылы Афиныда 28-орын, 2008 жылы Пекинде 29-орынға тұрақтаған.

Алты әлем чемпионатына қатысқан – 1997 жылы Афины (13-орын), 1999 жылы Севилья (19-орын), 2001 жылы Эдмонтон (дисквалификация), 2003 жылы Париж (22-орын), 2005 жылы Хельсинки (17-орын), 2009 жылы Берлинде (32-орын) өнер көрсеткен.
Азия чемпионатының үш дүркін жүлдегері – Инчхон (2005), Амман (2007), Гуанчжоу (2009).
Азия ойындарының екі дүркін қола жүлдегері – Бангок (1998), Пусан (2002).
Шығыс  Азия ойындарының күміс жүлдегері – Пусан (1997).
Қазақстан рекордсмені – 1,29:28.