Пікірлер

Ғұсман Қосанов мемориалының рекордтары кімдерге тиесілі?

Жеңіл атлетикадан дәстүрлі халықаралық Ғұсман Қосанов мемориалы биылғы жылы 24-25 маусым күні Алматыда өтеді. 1991 жылдан бастау алатын аталмыш мемориал биыл 27-ші рет ұйымдастырылғалы отыр.

Халықаралық Ғұсман Қосанов мемориалына қатысты қызықты 10 дерек

Жеңіл атлетикадан дәстүрлі халықаралық Ғұсман Қосанов мемориалы 24-25 маусым күні Алматыда өтеді. Осы жарыстың алдында оқырмандарға оқырмандарға мемориалға қатысты қызықты 10 деректі ұсынамыз.

Көпсайыстан ел чемпиондары анықталды

Ерлер арасында онсайыстан алматылық Евгений Марченко алтын медаль жеңіп алса, қыздар арасында жетісайыстан маңғыстаулық Надежда Кирнос чемпионаттың үздігі атанды.

«Дискоболдарда» ілгерілеу бар

Қазақстан кубогымен салыстырғанда ел чемпионатында отандық «дискоболдардың» көрсеткіштері жақсарды. Дегенмен, бұл да көңіл көншітерлік нәтиже емес.

Спорттық жүрісте оралдықтар озды

Жеңіл атлетикадан Алматыда өтіп жатқан Қазақстан чемпионатының спорттық жүріс бағдарламасында оралдықтарға тең келер ешкім болмады. Жігіттер арасында Георгий Шейко чемпион атанса, қыздардан Полина Репина алтынмен апталды. Дегенмен, бұл жеңістер ешкімді де таңғалдырған жоқ.

Он алты жасар чемпион

Бала кезімізде қазақтың классик жазушыларының бірі Бердібек Соқпақбаевтың «Он алты жасар чемпион» деген кітабын оқып едік.  Бізде тақырыпты сол атамызға ұқсастырып қойып отырмыз. Өйткені Алматыда өтіп жатқан жеңіл атлетикадан Қазақстан чемпионатында 16 жастағы Анастасия Ермакова сырықпен секіруден жеңімпаз атанды.