XXVIII Ғ.Қосанов Мемориалы» халықаралық жарысы

Есептегіш

11

Күн
Алматы

Әділ Рамет – әмбебап жеңіл атлет

30.04.2018

Бек Төлеуов  
271
Әділ Рамет – әмбебап жеңіл атлет

Маңғыстау облысының намысын қорғап жүрген жас атлет бар. Есімі – Әділ Рамет. Биыл бірнеше жарысқа қатысып, болашағынан үлкен үміт күттіретінін байқатты.

Әділдің жасы – 17-де. Сәуірде Шымкентте өткен Владимир Липинскийді еске алуға арналған турнирде 100, 200 метрге жүгіруден алдына жан салған жоқ. Сондай-ақ найза лақтырудан да үздік шықты. 8 облыстың жас өрендері қатысқан турнирде жалғыз өзі екі қашықтықта спорт шебері нормативін артығымен орындап шықты. Әділ 100 метрді 10, 7 секундта, 200 метрді 21,7 секундта жүгірді.

Бір жылдың спортшы өзінің көрсеткішін айтарлықтай жақсартты. Мысалы, 2016 жылы 100 мерді 11,23 секундта жүгірген болатын.

Одан кейін маңғыстаулық спортшы  мамыр айының басында өткен жасөспірімдер арасындағы Қазақстан чемпионатында екі бірдей спринтерлік сайыста тағы да топ жарды. Бірақ  жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатына ол ұзындыққа секіруден қаысты.


Ал қыркүйек айының соңында спорт мектептері арасында өткен Қазақстан біріншілігінде тіпті онсайыстан өзінің бағын сынап көрді. Нәтижесі де жаман емес– 5920 ұпай. Мұндай ұпайды егер жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатында жинаса, қола жүлдеге ілігіп тұр еді. Оның үстіне Рамет үшін онсайыс алғашқы сынақ. Бұған дейін қатысып көрмеген. Онсайыстың бағдарламасына 100, 400,1500 және 110 метрге тосқауылдар арқылы жүгіру, ұзындыққа және сырықпен секіру, ядро, диск, найза лақтыру кіреді.

Әділ Раметтің онсайыстағы көрсеткіші:

100 метрге жүгіру – 11, 35 с

400 метрге жүгіру – 54,34 с

110 метрге тосқауылдар арқылы жүгіру – 15, 92 с

1500 метрге жүгіру – 5:06.4 мин

Ұзындыққа секіру – 6,54 м

Биіктікке секіру – 1,81 м

Сырықпен секіру – 2,90 м

Диск лақтыру– 31,13 м

Найза лақтыру – 38,95

Ядро – 12,80 м.

Тізімге қайта оралу