Altay athletics құрамы жаңа спортшылармен толықты

18.02.2018

Altay athletics құрамы жаңа спортшылармен толықты

Шығыс Қазақстан облысының кәсіби жеңіл атлетика клубы яғни Altay athletics құрамын күшейтуді жалғастырып жатыр.

Жақында клуб құрамына тағы бірнеше спортшы келіп қосылды. Олардың қатарында семейлік 19 жастағы биіктікке секіруші Надежда Дубовицкая, спринтер Виктория Зябкина (Алматы), кедергілер арқылы жүгіруші Әйгерім Шыназбекова (Алматы) және орта қашықтыққа жүгіретін Светлана Голендова (Жамбыл обл.), Михаил Литвин (СҚО) мен үш қарғып секіруші Ирина Эктова (СҚО) бар.

Жетістіктері:

1.Надежда Дубовицкая – биіктікке секіруден Қазақстанның үш дүркін чемпионы, 2018 жылғы жабық кешендегі Азия чемпионатының қола жүлдегері;

2. Виктория Зябкина – Азияның жеті дүркін чемпионы (бес рет жазғы, екі рет жабық кешендегі), үш дүркін жазғы Универсиада ойындарының жеңімпазы;

3. Ирина Эктова – үш қарғып секіруден 2018 жылғы жабық кешендегі Азия чемпионатының жеңімпазы және Азия ойындарының жүлдегері;

4. Светлана Голендова – 2018 жылғы жабық кешендегі Азия чемпионатының жеңімпазы;

5. Әйгерім Шыназбекова – 60 метрге кедергілер арқылы жүгіруден 2018 жылғы жабық кешендегі Азия чемпионатының жеңімпазы;

6. Михаил Литвин – 400 метрге жүгіруден 2017 жылғы жабық кешеднегі Азия ойындарының қола жүлдегері.

Тізімге қайта оралу