«Арманға жол» – Желаяқтарды екінші рет Сарыарқа төріне жинады

21.05.2018

111
«Арманға жол» – Желаяқтарды екінші рет Сарыарқа төріне жинады

Осыдан бір жыл бұрын Қарағандыда «Арманға жол» атты жартылай марафон басталды. Биыл халықаралық стататусқа ие болған спорттық іс-шара екінші рет өткізілді. Болашақта «Арманға жол» Қарағандының ғана емес, жалпы Қазақстан жеңіл атлетикасындағы ең ірі спорттық брендтің біріне айналуы мүмкін.

Халықаралық сертификатқа ие болды

Қарағандыдағы «Арманға жол» жартылай марафонын деңгейін көтеремін деп жүгіріп жүрген жандардың бірі, Афины Олимпиадасының қола жүлдегері, Қарағанды облыстық жеңіл атлетика федерациясының вице-президенті – Дмитрий Карпов.

Карпов Қарағандыға мамандарды шақырып, марафон өтетін тас жолды өлшетті. Сөйтіп, Арманға жол» жартылай  марафонының тас жолы  Халықаралық марафондар қауымдастығының сертификатына ие болды. Соның арқасында Қарағандыдағы жартылай марафон өткізетін тас жол қатысушылардың спорттық норматив орындауына мүмкіндік берді.

Төрт қашықтық бойынша өткізу дәстүрге айналып келеді

Биыл 20 мамырда жүгіруге ниет білдірушілер өздерінің күштерің әр түрлі қашықтықта байқап көруге мүмкіндік алды. Марафонда қатысушылар жасы мен мүмкіндіктеріне қарай төрт қашықтық бойынша жүгірді:

«Арманға жол» (21 шақырым),

«Спутник» (14 шақырым),

«Достық» (7 шақырым),

«Балапан» (2 шақырым).

Жарыстың тас жолы 7 шақырым екен. «Арманға жол» жартылай марафонына қатысушылар бұл қашықтықты үш реттен айналды.

Жүлде қоры екі есеге өсті

Былтыр жалпы жүлде қоры – 4 миллион теңге болса, биыл бюджет екі есеге ұлғайтылды. «Арманға жол» жартылай марафонында жеңіске жеткен Владислав Прямов пен Виктория Полюдина әрқайсысы 1 миллион теңгеден алды. Сондай-ақ екінші орынға – 650 мың, үшінші орынға – 400 000, төртінші орынғ – 300 000, бесінші орынға – 200 000, алтыншы орынға – 150 000 теңгеден үлестірілді.

Бас жүлде шеттен келген марафоншылардың еншісінде

Биыл жарыс жолына Беларусь, Украина, Қырғызстан, Өзбекстан және Қазақстанның үздік атлеттері шықты.

Жартылай марафонда Беларусь елінен келген Владислав Прямов чемпион атанды. Ол былтырғы жылы Астанадағы ШЫҰ марафонында екінші орын алған. Күміс жүлде украиналық Богдан Городицкийге бұйырса, қоланы қырғыз Әділет Қыштақбеков еншіледі. Әділет Қытайда өткен ШЫҰ марафонда топ жарған спортшы.

Әйелдерден 21 шақырым 97,5 метрге жүгіруде қырғызстандық Виктория Полюдинаға тең келер ешкім болмады. Екінші және үшінші орынды украиналық Евгения Прокофьева мен Виктория Хапилина өзара бөлісті.

 

Бәсекелестіктің жоғары болғаны соншалық, Астанадағы ШЫҰ марафонында күміс медаль еншілеген Марина Хмелевская (Өзбекстан), сол жарыста үшінші келген Илья Илья Тяпкин (Қырғызстан) бұл жолы жүлдесіз қалды.

Еліміздің үздік марафоншылары Михаил Красилов (Жамбыл облысы) пен Андрей Лейменов (ШҚО) алтыншы-жетінші орындардан көрінді.

Қыздардан Жанна Мамажанова (Алматы) мен Ольга Богомольская (Павлодар облысы) бесінші-алтыншы орындарды бөлісті.

Тізімге қайта оралу