Марафоннан Азия чемпионаты

Есептегіш

6

Күн
Дунгань, Қытай

Азия Гран-приінде атой салған атлеттер елге оралды

03.05.2017

212
Азия Гран-приінде атой салған атлеттер елге оралды

Азия Гран-приінде барлығы 18 медаль еншілеген атлеттерді бүгін жанкүйерлер мен БАҚ өкілдері Алматы әуежайынан күтіп алып, қошемет көрсетті.

Естеріңізге сала кетейік, сәуірдің 24-і мен 30-ы аралығында Қытайдың Цзиньхуа және Цзясин, сондай-ақ Тайвань елінің Тайпей қалаларында жеңіл атлетикадан Азия Гран-приі өтіп, оған қатысқан 16 қазақстандық атлет бас-аяғы 18 медаль еншілеген болатын. Тарқатып айтар болсақ, 9 алтын, 5 күміс, 4 қола. Бүгін жерлестеріміз елге оралды.

Алматы әуежайынан спортшыларды туған-туыс, жақындарынан бөлек, жанкүйерлер мен журналистер қауымы да күтіп алып, ел намысын «Сары құрлық» додасында абыроймен қорғаған өрендерімізге гүл сыйлап, қошемет көрсетті.

-           Шыны керек, Әлем чемпионаты, Олимпиада ойындары сынды дүниежүзілік додалардан да бізді бұлай күтіп алған жоқ еді. Біз үшін тосын сый болды, - деп журналистер алдында ағынан жарылған Виктория Зябкина өзінің осы жарыстардағы үш алтыны жайлы айтып берді. – Азия Гран-приі мен үшін өте сәтті болды. Үш кезеңде де бірінші орын алдым. Бастапқыда аздап ауа-райына үйренісе алмай жүрдік. Кейін бейімделіп алған соң жеңіс өздігінен келе бастады. Енді мені алда басқа да жарыстар күтіп тұр. Барлығында да оза шабуға тырысамын.

100 метрге жүгірген Виктория Зябкина үш кезеңде де алдына жан салған жоқ. Әр кезең сайын көрсеткішін жақсарта берді. Біріншісінде әлгі қашықтықты 11,44 секундта жүгіріп өтсе, екіншісінде 11,36 секундта еңсеріп, үшіншісінде мәре сызығын 11,34 секундта қиды.

Сонымен қатар, Азия Гран-приі шығыс қазақстандық Элина Михина үшін де сәтті өтті. Цзиньхуада өткен бірінші кезеңде қарсыласынан небәрі 0,2 секундқа қалып қойған жерлесіміз қалған екі кезеңде тізгінді өз қолына мықтап алып, алдына жан салмай жүгірді.

–          Бірінші кезең кішкене қиындау болды. Тамағына үйренісуге біраз уақыт кетті. Күнде күріш жей берген де оңай емес екен ғой. Ал одан кейін тамағына да, табиғатына да, адамдарына да үйрене бастадық. Ары қарай бәрі оңайырақ көрінді. Дегенмен, мен әлі әлем чемпионатының жолдамасына қол жеткізген жоқпын. Нормативті орындауға сәл ғана жетпей жатыр. Сол мақсатыма қол жеткізіп, Лондонға билет алайын. Сонда ғана жаным тынышталып, ары қарай әлем чемпионатына тыңғылықты дайындыққа кірісемін, - деді Элина Михина.

Енді жеңіл атлеттерімізді мамырдың 13-і мен 14-і күндері Алматыда өтетін Қазақстан кубогы күтіп тұр. Оған еліміздің барлық аймағынан 350-ден астам атлет қатысады деп күтілуде.   

Азия Гран-приінің жүлдегерлері

Атлет

Бағдарламасы

Кезең

Көрсеткіші

АЛТЫН

1

Виктория Зябкина

100 м

1 кезең

11,44 сек.

2

Рима Кашафутдинова, Светлана Голендова, Анастасия Тулапина,

Юлия Рахманова

4х100 м эстафета

1 кезең

44,50 сек.

3

Әйгерім Шыназбекова

100 м тосқауылдармен

2 кезең

13,43 сек.

4

Элина Михина

400 м

2 кезең

52,79 сек.

5

Рима Кашафутдинова, Светлана Голендова, Анастасия Тулапина,

Юлия Рахманова

4х100 м эстафета

2 кезең

44,94 сек.

6

Виктория Зябкина

100 м

2 кезең

11,36 сек.

7

Виктория Зябкина

100 м

3 кезең

11,34 сек.

8

Элина Михина

400 м

3 кезең

52,55 сек.

9

Рима Кашафутдинова, Светлана Голендова, Анастасия Тулапина,

Виктория Зябкина

4х100 м эстафета

3 кезең

43,40 сек.

КҮМІС

1

Ольга Сафронова

100 м.

1 кезең

11,59 сек.

2

Элина Михина

400 м.

1 кезең

53,35 сек.

3

Роман Валиев

Үш қарғып секіру

2 кезең

15,98 м.

4

Анастасия Пилипенко

100 м. тосқауылдармен

2 кезең

13,45 сек.

5

Анастасия Пилипенко

100 м. тосқауылдармен

3 кезең

13,41 сек.

ҚОЛА

1

Анастасия Пилипенко

100 м. тосқауылдармен

1 кезең

13,62 сек.

2

Надежда Дубовицкая

Биіктікке секіру

2 кезең

1,75 м.

3

Михаил Литвин

400 м.

3 кезең

47,03 сек.

4

Әйгерім Шыназбекова

100 м. тосқауылдармен

3 кезең

13,45 сек.

Тізімге қайта оралу