Жазғы Азия ойындары 2018

Есептегіш

15

Күн
Джакарта, Индонезия

Бүгін жарыс жолына Рыпакова мен Овчинникова шығады

05.08.2017

Бек Төлеуов  
318
Бүгін жарыс жолына Рыпакова мен Овчинникова шығады

Алғаш рет Ұлыбритания астанасы Лондон қаласы жеңіл атлетикадан әлем чемпионаты басталып кетті. Бүгін жарыс жолына Қазақстан құрамасы сапынан екі спортшы өнер көрсетеді.

Әйелдер арасында үш қарғып секіруден іріктеу сайыстары басталады. Финал 7 тамызға жоспарланған. Жалпы, үш қарғу секіру сайысына 26 жеңіл атлет келген. Олар 2 топқа бөлініп өнер көрсетеді.

Екі топтың да сайыстары бүгін жергілікті уақыт бойынша сағат 11:00-де басталады (Астана уақыты бойынша 16:00-де).

Қазақстан атынан Азия чемпионы, 18 жастағы теміртаулық атлет Мария Овчинникова «А» тобында өнер көрсетсе, Олимпиада чемпионы Ольга Рыпакова  «В» тобына түскен.

Мария Овчинникова әлемнің үздіктерінің алдынғы қатарында жүрген Юлимар Рохаспен бір топта. Венесуэла елінің өкілі Римдегі «Гаухар лигада» 14,96 метрге секіріп, осы маусымдағы ең үздік нәтижені тіркеген болатын. Сондай-ақ «А» тобында Кимберли Уильямс (Ямайка),Лиадагмис Повеа (Куба) секілді мықтылар бар.

Марияның ең жоғары көрсеткіші – 13.94. Егер финалға шығып жатса, жас спортшы үшін үлкен жетістік болары сөзсіз.

Ал «В» тобында соңғы екі Олимпиаданың чемпионы, қазақстандық Ольга Рыпакова мен колумбиялық жұлдыз Катрин Ибаргуэн бақ сынайды. Катриннің осы маусымдағы үздік нәтижесі – 14,84 метр, Рыпакова – 14, 64 метрге секірген. Сонымен қатар бұл топқа Пастрисиу Мамону (Португалия, 14.42), германиялық Кристин Гиериш (14.40),Шениеку Риккетс (Ямайка, 14.38) түскен.


Тізімге қайта оралу