Ғұсман Қосанов мемориалының рекордтары кімдерге тиесілі?

22.06.2017

Бек Төлеуов  
88
Ғұсман Қосанов мемориалының рекордтары кімдерге тиесілі? Ғұсман Қосанов мемориалының рекордтары кімдерге тиесілі?

Жеңіл атлетикадан дәстүрлі халықаралық Ғұсман Қосанов мемориалы биылғы жылы 24-25 маусым күні Алматыда өтеді. 1991 жылдан бастау алатын аталмыш мемориал биыл 27-ші рет ұйымдастырылғалы отыр.

Осы жылдар аралығында турнирде бірнеше рекордтар орнатылды. Ендеше сол рекордтарды тізбелеп көрсек. 

Мамыр айының басында ұлттық құраманың бас бапкері болып тағайындалған танымал қазақстандық атлет Григорий Егоров 1991 жылы ең алғаш өткізілген мемориалда сырықпен секіру сайысында жеңіске жетті. Сол кезде 24 жастағы атлеттің нәтижесі –5.80 метр болатын. Әзірге бұл көрсеткішті ешкім жаңартқан жоқ.

Жалпы, Егоровтың жеке рекорды – 5.90 метр. Ол бұл нәтижесін төрт мәрте қайталаған. Қазіргі құрама бапкері 80-жылдардың аяғы мен 90-жылдары Сергей Бубка, Родион Гатауллин секілді әлемдегі үздік сырықпен секірушілермен бір қатарда болды.

Өткен ғасырдың 80-жылдары талай баланың үлгі тұтатын кумирі болған шымкенттік Олег Сакиркин  1994 жылғы мемориалда үш қарғып секіруден  жеңіске жетіп ғана қоймай, сайыстың бұл түрінен мемориалдың үздік нәтижесін тіркеді – 17.23 метр.  Айта кетейік, Сакиркин 2015 жылы 49 жасында өмірден озды.

Ядро серпудің рекорды Азия ойындарының жүлдегері Сергей Рубцовқа тиесілі. Ол 1996 жылы 19.91 метрге лақтырды. Сондай-ақ 800 және 1500 метрге жүгіруде Азия чемпионы, Риддер қаласының тумасы Михаил Колганов (1:46.99 мин және 3:45.31 мин), 5000 метрге жүгіруде 1992 жылы Александр Микитенко (14:03.25 мин), биіктікке секіруде 1997 жылы қарағандылық Юрий Пахляев (2.25 м),  10 шақырымға спорттық жүрістен 1999 жылы Азия ойындарының жеңімпазы Сергей Корепанов рекорд орнатты.

Жеңіл атлетикадан тәуелсіз Қазақстан тарихында тұңғыш Олимпиада чемпионы атанған Ольга Шишигина да Қосанов мемориалына бірнеше мәрте қатысқан. Ол Сидней Олимпиадасының алдында 1999 жылы 100  метрге тосқауылдар арқылы жүгіруден үздік нәтиже көрсетті. Ольга бұл қашықтықты 12.63 секундта бағындырды. Сол жылы жерлесіміз Жапонияның Маэбаси қаласында өткен жабық кешендегі әлем чемпионатында чемпион атанды. Сондай-ақ Шишигина 100 метрге жүгіру бойынша да рекордтың иегері (11.13 с).

Қосанов мемориалында 90-жылдардың басында өнер көрсеткен спортшылардың қазіргі кезде балалары да қатысып жүр. Солтүстік Қазақстан облысының тумасы, спринтер Виктор Зябкиннің қызы Виктория Зябкина өткен жылы 200 метрге жүгіруден рекордты жаңартты (22.66 с).

Ақтөбелік Татьяна Росланова 2004 жылы әйелдер арасында 400 метрге жүгіруде мемориалдың үздік нәтижесін тіркеді (50.68 с). Одан бөлек 800 метрде Маргарита Мұқашева (2:00.18 мин), 1500 метрде Светлана Лукашева (4:15.72 м), 400 метрге тосқауылдар арқылы жүгіруден Наталья Торшиналар (Әлімжанова) орнатқан рекордтар әлі бұзылған жоқ.

Талай додаларда еліміздің мерейін асырған биіктікке секіруден ұзақ жылдар бойы Қазақстанның ең үздік атлеті болған Марина Аитова 2006 жылы Қосанов мемориалында 1.95 метрге секіріпті.

Бір қызығы, үш қарғып секіруден әйелдер арасындағы рекорд Олимпиада чемпионы Ольга Рыпаковаға емес, Елена Парфеноваға  тиесілі (14.33 м). Ядро серпуде Елена Ортинаның (18.35 м), жетісайыстан Ирина Науменконың (6140 ұпай), 400 метрге  жүгіру бойынша командалық эстафетада Гаврюшенко, Әлімжанова, Росланова, Бодрицкая төрттігінің (3:30.92 мин),  100 метрге жүгіруден командалық эстафетадан Кашафутдинова, Зябкина, Рахманова, Сафронова төрттігінің (43.15 с), 5 шақырымға спорттық жүрісте Светлана Толстаяның (21.01.11 мин) көрсеткіштері мемориалдың рекорды болып табылады. 

Сондай-ақ Иран, Украина, Өзбекстан, Үндістан спортшылары да Ғұсман Қосанов мемориалының рекордын жаңартқан. Оның бәрін төмендегі кестеден көруге болады.

               High achievements of Kosanov’s Memorial

 

 

Men

 

 

 

 

100 м       

10.10

Taftian Hassan     

IRI

2015

200 м       

20.34

Mohamed Yacoub Salem

BRN

2016

400 м       

45.01

Vitaly Butrum

UKR

2014

800 м

1:46.99

Mikhail Kolganov

KAZ

2004

1500 м

3:45.31

Mikhail Kolganov

KAZ

2000

5000 м

14:03.25

Alexandr Mikitenko

KAZ

1992

110 м H   

13.50

Asgar Rohollan

IRI

2012

400 м H   

49.61

Dmitriy Koblov

KAZ

2016

3000 м steeple

8:49.6

Alexandr Saprykin 

KAZ

1991

High Jump      

2.25

Yuriy Pakhlyayev

KAZ

1997

Pole Vault       

5.80

Grigoriy Yegorov    

KAZ

1991

Long Jump       

8.19

 Ankit Sharma  

IND

2016

Triple Jumpe    

17.23

Oleg Sakirkin      

KAZ

1994

Shot Put       

19.91

Sergey Rubtsov  

KAZ

1996

Discus       

62.42

Abbas Samimi

IRI

2008

Hammer      

78.22

Sukhrob Khodjayev

UZB

2015

Javelin       

82.66

Sergey Voynov

UZB

2000

Decathlon 

8034

Oleg Veretelnikov

UZB

1997

4х100 м     

39.18

Reanchai, Vissanu,

 

 

            

 

Sittichai, Kongdech

THA

2001

4х400 м     

3:08.00

Korobeynikov, Bekenov,

 

 

 

 

Kondratyev, Zaikov

KAZ

2014

Walk 10 км

39:53.99

Sergey Korepanov

KAZ

1999

Women

 

 

 

 

100 м       

11.13

Olga Shishigina     

KAZ

2000

200 м       

22.66

Viktoriya Zyabkina

KAZ

2016

400 м       

50.68

Tatyana Roslanova

KAZ

2004

800 м

2:00.18

Mukasheva Margarita

KAZ

2013

1500 м

4:15.72

Svetlana Lukasheva

KAZ

2005

5000 м

16:20.32

Yekaterina Tunguskova

UZB

2010

100 м H   

12.63

Olga Shishigina     

KAZ

1999

400 м H   

55.07

Natalya Torshina    

KAZ

2002

High Jump     

1.95

Marina Aitova

KAZ

2006

Pole Vault        

4.30

Roslinda Samsu

MAS

2007

Long Jump     

6.78

Yelena Khlopotnova

UKR

1999

Triple jump     

14.33

Yelena Parfyonova

KAZ

2008

Shot Put     

18.35

Yelena Ortina       

KAZ

1992

Discus      

61.12

 Subenrat Insaeng

THA

2016

Hammer

57.02

 Olga Zhogoleva

UZB

2005

Javelin      

59.90

Oxana Yarygina     

UZB

1992

Heptathlon   

6140

Irina Naumenko

KAZ

2003

4х100 м     

43.15

Kashafutdinova, Zyabkina,

 

 

            

 

 Rakhmanova, Safronova

KAZ

2016

4х400 м     

3:30.92

Gavryushenko, Bodritskaya

 

 

 

 

Alimzhanova, Roslanova

KAZ

2004

Walk 5 км

21:01.11

Svetlana Tolstaya

KAZ

1999

               High achievements of Kosanov’s Memorial

 

 

Men

 

 

 

 

100 м       

10.10

Taftian Hassan     

IRI

2015

200 м       

20.34

Mohamed Yacoub Salem

BRN

2016

400 м       

45.01

Vitaly Butrum

UKR

2014

800 м

1:46.99

Mikhail Kolganov

KAZ

2004

1500 м

3:45.31

Mikhail Kolganov

KAZ

2000

5000 м

14:03.25

Alexandr Mikitenko

KAZ

1992

110 м H   

13.50

Asgar Rohollan

IRI

2012

400 м H   

49.61

Dmitriy Koblov

KAZ

2016

3000 м steeple

8:49.6

Alexandr Saprykin 

KAZ

1991

High Jump      

2.25

Yuriy Pakhlyayev

KAZ

1997

Pole Vault       

5.80

Grigoriy Yegorov    

KAZ

1991

Long Jump       

8.19

 Ankit Sharma  

IND

2016

Triple Jumpe    

17.23

Oleg Sakirkin      

KAZ

1994

Shot Put       

19.91

Sergey Rubtsov  

KAZ

1996

Discus       

62.42

Abbas Samimi

IRI

2008

Hammer      

78.22

Sukhrob Khodjayev

UZB

2015

Javelin       

82.66

Sergey Voynov

UZB

2000

Decathlon 

8034

Oleg Veretelnikov

UZB

1997

4х100 м     

39.18

Reanchai, Vissanu,

 

 

            

 

Sittichai, Kongdech

THA

2001

4х400 м     

3:08.00

Korobeynikov, Bekenov,

 

 

 

 

Kondratyev, Zaikov

KAZ

2014

Walk 10 км

39:53.99

Sergey Korepanov

KAZ

1999

Women

 

 

 

 

100 м       

11.13

Olga Shishigina     

KAZ

2000

200 м       

22.66

Viktoriya Zyabkina

KAZ

2016

400 м       

50.68

Tatyana Roslanova

KAZ

2004

800 м

2:00.18

Mukasheva Margarita

KAZ

2013

1500 м

4:15.72

Svetlana Lukasheva

KAZ

2005

5000 м

16:20.32

Yekaterina Tunguskova

UZB

2010

100 м H   

12.63

Olga Shishigina     

KAZ

1999

400 м H   

55.07

Natalya Torshina    

KAZ

2002

High Jump     

1.95

Marina Aitova

KAZ

2006

Pole Vault        

4.30

Roslinda Samsu

MAS

2007

Long Jump     

6.78

Yelena Khlopotnova

UKR

1999

Triple jump     

14.33

Yelena Parfyonova

KAZ

2008

Shot Put     

18.35

Yelena Ortina       

KAZ

1992

Discus      

61.12

 Subenrat Insaeng

THA

2016

Hammer

57.02

 Olga Zhogoleva

UZB

2005

Javelin      

59.90

Oxana Yarygina     

UZB

1992

Heptathlon   

6140

Irina Naumenko

KAZ

2003

4х100 м     

43.15

Kashafutdinova, Zyabkina,

 

 

            

 

 Rakhmanova, Safronova

KAZ

2016

4х400 м     

3:30.92

Gavryushenko, Bodritskaya

 

 

 

 

Alimzhanova, Roslanova

KAZ

2004

Walk 5 км

21:01.11

Svetlana Tolstaya

KAZ

1999

Айта кетейік, Ғұсман Сыйтықұлы Қосанов 1935 жылы 25 мамырда Шығыс Қазақстан облысы, Бесқарағай ауданы, Изатулла ауылында дүниеге келген. Олимпиада ойындарына тұңғыш қатысқан және Олимпиада жүлдесiн тұңғыш жеңiп алған қазақ атлеті.

* Ол 1960 жылы Рим олимпиадасында күміс медальға болды. Италия астанасында 4х100 эстафеталық жарыста КСРО құрама командасы сапында Л. Бартенев, Ю. Коновалов, Э. Озолиндермен бірге мәреге екінші келді. Қосанов сондай-ақ 1960 жылғы Олимпиада ойындарында 100 метрлік қашықтықта да жарыс алаңына шыққан болатын. Жекелей сында 10,7 секунд нәтижесімен жалпы есепте 6-орынға табан тіреді.

* Ғұсман Қосановтың басқа да атақтары жетерлік. Еуропа чемпионы, КСРО чемпионатының күмiс жүлдегерi, Қазақстанның бiрнеше дүркiн чемпионы, КСРО халықтары спартакиадасының жеңiмпазы. Тіпті, жеңiл атлетикадан қазақ жастары арасынан шыққан тұңғыш спорт шебері.

*1965 жылы Киевте КСРО мен АҚШ арасында жеңіл атлетикаадан «Марш гигантов» жарысы өтті.  Сол сында құрамында Эдвин Озолин, Әмин Тұяқов, Ғұсман Қосанов, Николай Политико бар Кеңес Одағының эстафеталық командасы 4 х 100 метрлік бәсекеде 1964 жылы Олимпиада чемпиондары атанған АҚШ желаяқтарынан озып кетті. КСРО спортшылары мәре сызығын 39,3 секунд қиып өтті.Бұл КСРО-ның жаңа рекорды еді. Бұған дейін еш құрамадан дәл бұлай ұтылмаған АҚШ жүйріктері амалсыздан жеңілгенін мойындады. Ғұсман Қосановқа осы жеңісі үшін «КСРО-ның еңбек сіңірген спорт шебері» атағын береді.

* 1990 жылы 13 маусымда дүниеден өтті. Ал 1991 жылдан бері дәстүрлі түрде жеңіл атлетикадан Ғұсман Қосанов мемориалы өткізіліп келеді. Бұл жарыс осымен 27-ші рет ұйымдастырғалы отыр. 

Тізімге қайта оралу