«Дискоболдарда» ілгерілеу бар

14.06.2017

114
«Дискоболдарда» ілгерілеу бар Телушкинаға өз жеке рекордын жаңарту үшін әлі біраз тер төгу қажет (фото: Эдуард Гавриш)

Қазақстан кубогымен салыстырғанда ел чемпионатында отандық «дискоболдардың» көрсеткіштері жақсарды. Дегенмен, бұл да көңіл көншітерлік нәтиже емес.

Он жеті атлет қатысқан ерлер арасындағы бәсекеде маңғыстаулық Евгений Миловацкий ел чемпионы атанды. Үш мүмкіндігін мүлт жіберіп, үшеуін кәдеге жаратқан Женяның үздік көрсеткіші – 55,21 метрді құрады. Екінші орынды алматылық Александр Мамонтов еншілесе, оңтүстік астанамыздың тағы бір тәжірибелі өкілі Егор Поленов 43,46 метрмен үздік үштікті қорытындылады.

Қыздар арасында дискіні алматылық 23 жасар ару Мария Телушкинадан алыс лақтырған ешкім болмады. Оның көрсеткіші – 54,08 метр. Салыстырмалы түрде айтар болсақ, бір ай бұрын өткен Қазақстан кубогында 1980 жылғы Мәскеу Олимпиадасының қола жүлдегері Татьяна Лесоваяның қызы қолындағы снарядын бар болғаны 50,24 метрге лақтырып, кубок иегері атанғанымен ұнжырғасы түсіп қайтқан болатын. Дегенмен, Телушкинаның жеке рекорды 61,20 метр екенін ескерсек, ең болмаса сол межеге жету үшін әлі біраз тер төгу қажет секілді.  

Диск лақтыру

Ерлер:

1. Евгений Миловацкий (Маңғыстау) – 55,21 м.

2. Александр Мамонтов (Алматы) – 52,68 м.

3. Егор Поленов (Алматы) – 43,46 м.

Әйелдер:

1. Мария Телушкина (Алматы) – 54,08 м.

2. Виктория Фролова (СҚО) – 38,23 м.

3. Сабина Потапова (Қарағанды) – 36,98 м.

Тізімге қайта оралу