Ел чемпионаты – желаяқтардың алғашқы жеңімпаздары анықталды

13.06.2017

Әзиз ЖҰМАДІЛ  
45
Ел чемпионаты – желаяқтардың алғашқы жеңімпаздары анықталды 12 маусым, Алматы - Гүлжанат Жанатбек. Фото Эдуарда Гавриша

Алматыда өтіп жатқан Қазақстан чемпионатында бүгін алғашқы жеңімпаздардың да есімдері белгілі болды. Желмен жарысқан желаяқтардың ішінде де сіз бен бізге енді танылып келе жатқан біраз дарындар бар екен

ЕРЛЕР

Егер осы қарқындарынан таймаса, Солтүстік Қазақстан облысының желаяғы Михаил Литвин, қарағандылық Виталий Земс, алматылық Алексей Гусаревтерден бірнәрсе шығады-ау. Жиырмадан енді ғана асқан бұл желаяқтар Сарыарқаның самғау даласына жіберсең, желмен де жарысайын деп тұр. Тек өздеріне деген жауапкершілікті төмендетіп алмай, көрсеткіштерін жақсарта берсе екен дейсің. Бұл жағынан жаттықтырушылары да көмектесе жатар, ал Қазақстан чемпионатында Литвин де, Земс пен Гусарев те жастар арасында ғана емес, ересектер арасында да топ жарды. 10 мың метрлік жарыста шығыс қазақстандық Андрей Лейменов мәреге бірінші болып жетті. Бұл Лейменовтің биылдыққа елішілік екінші жеңісі. Мұның алдында ол Қазақстан кубогында да атой салған болатын. Бір қызығы, өз бағдарламасында бәсекелестерінің барлығын басып озып, Қазақстанда қарсылас шақ келтірмей жүрген Лейменов ұлттық құрамаға іліге алмай жүр екен. Осы жолы бапкерлер алқасының назарына іліккен де секілді.

100 м. (ересектер):

1-орын: Виталий Земс (Қарағанды) – 10.65 сек.

2-орын: Александр Каспер (Астана) – 10.68

3-орын: Рахат Мағзамов (Павлодар) – 10.81

100 м. (жастар):

1-орын: Виталий Земс (29.03.1996 ж., Қарағанды) – 10.65 сек.

2-орын: Дамил Сутжанов (16.07.1995 ж., Павлодар) – 10.87

3-орын: Амаль Сыздықов (07.11.1996 ж., Алматы) – 10.95

400 м. (ересектер):

1-орын: Михаил Литвин (СҚО) – 47.59 сек.

2-орын: Игорь Кондратьев (Павлодар) – 48.14

3-орын: Сергей Зайков (Павлодар) – 48.29

400 м. (жастар):

1-орын: Михаил Литвин (05.01.1996 ж., СҚО) – 47.59 сек.

2-орын: Андрей Соколов (11.01.1995 ж., Алматы) – 49.12

3-орын: Виктор Рябов (21.04.1997 ж., Павлодар) – 51.28

1 500 м. (ересектер):

1-орын: Алексей Гусаров (Алматы) – 3:52.53

2-орын: Сергей Ершов (ШҚО) – 3:55.04

3-орын: Бибол Серіков (Астана) – 4:00.29

1 500 м. (жастар):

1-орын: Алексей Гусаров (Алматы) – 3:52.53

2-орын: Сайлау Теміртасов (СҚО) – 4:01.48

3-орын: Рахымжан Келманов (Алматы) – 4:01.75

10 000 м. (ересектер):

1-орын: Андрей Лейменов (ШҚО) – 30:53.0

2-орын: Михаил Красилов (Жамбыл) – 31:52.8

3-орын: Дарын Қонысбаев (Алматы обл.) – 33:12.5

10 000 м. (ересектер):

1-орын: Дарын Қонысбаев (13.07.1999 ж., Алматы обл.) – 33:12.5

2-орын: Ақзам Әріпжанов (10.02.1996 ж., ОҚО) – 33:38.9

3-орын: Ғалымжан Жұмабаев (07.09.1996 ж., ОҚО) – 33:44.1

ӘЙЕЛДЕР

Елішілік біріншіліктерде саны бойынша ерлер көп болғанымен халықаралық аренада жүлде салып жүрген желаяқтарымыздың дерлігі қыздар. Сондықтан, арулардың жарысы Қазақстан чемпионатында да ерекше қызықты, әрі тартысты өтіп жатады. Дегенмен, 100 метрлік бағдарламада алматылық Виктория Зябкинаға жақын уақытта ешкім бәсекелес бола алмайтын секілді. Іріктеу кезеңінен еркін өткен ол финалдық жарыста да алдына жан салмады. Сондай-ақ, бұл бағдарламаға Әйгерім Шыназбекова да қатысқан. Бірақ ол небәрі 7-орыннан көрінді.

– Менікі, негізі тосқауылдар арқылы жүгіру ғой. Біздің жарыс ертең. Ал бүгін тек дене қыздыру үшін ғана жарыс жолағына тұрдым, - деді Әйгерім.

Сондай-ақ, бүгін ұзақ демалыстан кейін Гүлжанат Жанатбектің де қайта жарыс жолына шығып, 10 мың метрге жүгіруден ел чемпионы атанғанын айта кетуіміз керек.

100 м. (бойжеткендер)

1-орын: Виктория Зябкина (Алматы) – 11.52 сек.

2-орын: Рима Кашафутдинова (Қарағанды) – 11.67

3-орын: Светлана Голендова (Жамбыл) – 11.76

100 м. (жастар)

1-орын: Рима Кашафутдинова (01.01.1995 ж., Қарағанды) – 11.67 сек.

2-орын: Айнұр Бекмағамбетова (25.02.1996 ж., Қостанай) – 12.25

3-орын: Назерке Өмірғалиева (05.04.1995 ж., Қызылорда) – 12.28

400 м. (бойжеткендер)

1-орын: Марджена Ишангулиева (Алматы) – 54.87 сек.

2-орын: Марина Зайко (Алматы) – 56.11

3-орын: Любовь Ушакова (Қарағанды) – 56.80

400 м. (жастар)

1-орын: Любовь Ушакова (20.09.1997 ж., Қарағанды) – 56.80

2-орын: Вероника Брославская (09.11.1999 ж., Павлодар) – 56.11

3-орын: Анастасия Касьянова (28.02.1999 ж., Алматы) – 59.79

1 500 м. (бойжеткендер)

1-орын: Виктория Рыжикова (СҚО) – 4:32.37

2-орын: Евгения Фандюшина (Павлодар) – 4:32.58

3-орын: Виктория Сергеева (СҚО) – 4:35.84

1 500 м. (жастар)

1-орын: Виктория Рыжикова (20.03.1995 ж., СҚО) – 4:32.37

2-орын: Евгения Фандюшина (28.08.1995 ж., Павлодар) – 4:32.58

3-орын: Виктория Сергеева (06.07.1998 ж., СҚО) – 4:35.84

10 000 м. (бойжеткендер)

1-орын: Гүлжанат Жанатбек (Алматы обл) – 35:22.1

2-орын: Ирина Смольникова (ШҚО) – 37:03.4

3-орын: Ольга Богомольская (Павлодар) – 37:47.2

10 000 м. (жастар)

1-орын: Мөлдір Сейітқанова (02.12.1998 ж., ШҚО) – 40:31.7

2-орын: Екатерина Шлыкова (17.12.1999 ж., Алматы) – 41:00.8

3-орын: Айгүл Қайыржанова (18.09.1996 ж., СҚО) – 42:51.5

Тізімге қайта оралу