XXVIII Ғ.Қосанов Мемориалы» халықаралық жарысы

Есептегіш

11

Күн
Алматы

«Гауһар лига»: Цюрихтегі финалға қатысатындар

24.08.2017

227
«Гауһар лига»: Цюрихтегі финалға қатысатындар

Бүгін Швейцарияның Цюрих қаласындағы «Летцигрунд» стадионында 2017 жылғы «Гауһар лиганың» финалдық кезеңі өтеді.

Цюрихте атлеттер 16 бағдарлама бойынша сынға түседі. Оның ішінде тоғызы ерлер арасындағы, жетеуі әйелдер арасындағы сайыстар. Біздің елден жалғыз атлет Ольга Рыпакова қатысады.

Финалдық кезеңде әрбір сайыс бойынша жеңіске жеткен спортшыға 50 мың доллар көлемінде сыйақы беріледі. Ал қалғандарына орындарына сәйкес үлестіріледі. Үш қарғып секіру сайысының өкілдері бұған төрт іріктеу кезеңінде өнер көрсетті.

Кімдер қатысады?

Еліміздегі ең танымал жеңіл атлет Ольга Рыпакованың қарсыластарының арасында жақында ғана Лондонда әлем чемпионы атанған Юлимар Рохас (Венесуэла), Рио Олимпиадасының жеңімпазы, екі дүркін әлем чемпионы Катрин Ибаргуэн (Колумбия), 2014 жылы жабық кешендегі әлем чемпионатының қола жүлдегері Кимберли Уильямс (Ямайка), 2016 жылғы Еуропа чемпионы Патрисия Мамона (Португалия), 2015 жылғы Еуропа ойындарының жеңімпазы Анна Князева-Миненко (Израиль), 23 жасқа дейінгі  2017 жылғы Еуропа чемпионы  Елена-Андреа Пантуриу (Румыния), Универсиада ойындарының жүлдегері Анна Ягачак (Польша) бар.

Цюрихтегі «Гауһар лига» сайысын көрермендер Астана уақыты бойынша 22:25-тен бастап тамашалай алады.

Айта кетейік, бұл жарыс 1998-2009 жылдар аралығында «Алтын лига» деп аталған. Ал 2010 жылы «Гаухар лига» деп атауын ауыстырды. Биыл лига Дохада басталып, Бельгия астанасы Брюселльде аяқталады. Жалпы «Гауһар лига» 14 кезеңнен тұрады. Финалдық кезеңде жеңіске жеткен атлетті 50 мың АҚШ доллары көлемінде сыйақы күтіп тұр. Жарыс ерлер мен әйел атлеттердің қатысуымен 16 олимпиадалық бағдарлама бойынша өткізіледі.

Тізімге қайта оралу