Жеңіл атлетикадан әлем чемпионатын өткізген елдер

18.07.2017

Бек Төлеуов  
38
Жеңіл атлетикадан әлем чемпионатын өткізген елдер

«Спорт падишасы» саналатын жеңіл атлетикадан әлем чемпионатын биыл Ұлыбритания астанасы Лондон қаласы қабылдайды. Бұл осымен 16-рет ұйымдастырылып отырған дүниежүзілік чемпионат. Біріншілік алдында әрбір 2 жыл сайын болатын әлем чемпионатын өткізген елдер туралы сөз қозғаймыз.

Әлем чемпионаты Халықаралық жеңіл атлетика федерациялары қауымдастығы (IAAF) аясында өткізіледі. Ұзақ уақыт бес құрлықтың мықты атлеттерінің бас қосатын жарысы Олимпаида ойындары мен кростан әлем чемпионаты ғана болатын.

Алғаш әлем чемпионатын 1983 жылын Финляндия елі ұйымдастырды. Осы елдің астанасы Хельсинки қаласында дүниежүзінің үздік атлеттері 7-14 тамызда бас қосты. Жалпы командалық есепте Германия Демократиялық республикасы топ жарды. Атлеттер сайыстың 41 түрінен сынға түсті.

Бұдан кейінгі әлем чемпионаттарында сайыс түрлері көбейіп отырды. 1987 жылы 43 медаль жиынтығы сарапқа салынса, 1993 жылы 44, 1999 жылы 46, 2005 жылдан бері 47 сайыс түрі әлем чемпионатының бағдарламасына енгізілген.

Соңғы рет әлем чемпионаты 2015 жылы Қытайдың Пекин қаласында өтті.

Жеңіл атлетикадан әлем чемпионатын өткізген елдер:

1983 жылы: Хелсиньки (Финляндия) – 7-14 тамыз

1987 жылы: Рим (Италия) – 28 тамыз – 6 қыркүйек

1991 жылы: Токио (Жапония) – 23 тамыз – 1 қыркүйек

1993 жылы: Штутгарт (Германия) – 13-22 тамыз

1995 жылы: Гетеборг (Швеция) – 5-13 тамыз

1997 жылы: Афины (Грекия) – 1-10 тамыз

1999 жылы: Севилья (Испания) – 20-29 тамыз

2001 жылы: Эдмонтон (Канада) – 3-12 тамыз

2003 жылы: Сен-Дени (Франция) – 23-31 тамыз

2005 жылы: Хельсинки (Финляндия) – 6-14 тамыз

2007 жылы: Осака (Жапония) – 24 тамыз – 2 қыркүйек

2009 жылы: Берлин (Германия) – 15-23 тамыз

2011 жылы: Тэгу (Оңтүстік Корея) – 27 тамыз – 4 қыркүйек

2013 жылы: Мәскеу (Ресей) – 10-18 тамыз

2015 жылы: Пекин (Қытай) – 22-30 тамыз

2017 жылы: Лондон (Ұлыбритания) – 5-13 тамыз

Тізімге қайта оралу