Әйгерім Шыназбекова: Екінші кезеңде өз күшіме сенімді болдым

30.04.2017

Бек Төлеуов  
101
Әйгерім Шыназбекова: Екінші кезеңде өз күшіме сенімді болдым

Кеше Қытайдың Цзясин қаласында өткен Азия Гран-приінің екінші кезеңінде қазақстандық Әйгерім Шыназбекова 100 метрге тосқауылдар (барьер) арқылы жүгіруден жеңімпаз атанған болатын. Жарыстан кейін спортшымен тілдесіп, екінші кезеңнен алған әсерін сұрадық.

– Ауа-райы өте ыңғайлы болды. Аса қатты ыстық та немесе суық та емес. Бірінші кезеңде өте қобалжулы болдым. Сондықтан бар білгенімді паш ете алмадым. Ал бұл жолы өз-өзімді қолға алып, жинақталдым. Осы кезеңде жақсы жүгірдім деп ойлаймын. Бұған дейін Түркияның Анталья қаласында дайындалған едік. Сол оқу-жаттығу жиындарының пайдасы көп тиіп жатыр. Қазіргі кезде өзім қандай нәтижеге дайын екенімді білемін. Сондықтан екінші кезеңде өз күшіме сенімді болдым. Енді соңғы кезеңде көрсеткішімді тағы да жақсартып, жүлделі орынға іліксем деп ойлаймын, – дейді Әйгерім Шыназбекова.

Айта кетейік, 24 жастағы жеңіл атлет бұл қашықтықты 13. 43 секундта кесіп өтті. Осы бағдарламада тағы бір қазақстандық спортшы Анастасия Пилипенко (Виногродова) да қатысқан еді. Ол екінші орын алды (13.45).

Тізімге қайта оралу