XXVIII Ғ.Қосанов Мемориалы» халықаралық жарысы

Есептегіш

11

Күн
Алматы

Гифудегі жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатын 3 жүлдемен қорытындыладық

14.06.2018

38
Гифудегі жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатын 3 жүлдемен қорытындыладық

Жапонияның Гифу қаласында жасөспірімдер арасында Азия чемпионаты өтті. Оған Қазақстаннан 20 атлет қатысты.

Күншығыс елінде Азамат Құлдас (800 м), Вадим Левченков (5 000 және 10 000 м), Давид Ефремов, Данила Корр (екеуі де – 110 м т/а), Әділ Рамет, Иван Товченик (екеуі де – онсайысы), Юлия Ткаченко (100 и 200 м), Юлиана Осипова (100 и 200 м), Александра Залюбовская (400 м және 4х400 метрлік эстафета), Екатерина Ефремова (400 м және 4х400 метрлік эстафета), Екатерина Парамонова (800 м және 4х400 метрлік эстафета), Анель Шулакова (100 м т/а), Вероника Брославская (400 м және 4х400 метрлік эстафета), Светлана Саунина (3 000 м к/а), Екатерина Шлыкова (10 000 метрге спорттық жүріс), Елизавета Матвеева (биіктікке секіру), Анастасия Ермакова (сырықпен секіру), Анастасия Заводина (ұзындыққа секіру), Диана Гейнц пен Сарифа Рзакулиева (екеуі де – жетісайыс) ел намысын қорғады.

Гифуде жалпы саны 437 атлет өнер көрсетті. Олар 35 елдің атынан қатысты. Жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатында 44 медаль жиынтығы сарапқа салынды.

Қазақстан спортшыларына тоқталып өтсек, алғашқы жүлдені қарағандылық Давид Ефремов еншіледі.19 жастағы спортшы 110 метрге тосқауылдар арқылы жүгіруден қола жүлдеге ие болды.

Айтпақшы, ұлттық құраманың бас бапкері Григорий Егоров болашақта үлкен үміт күтетінін айтты.

Сырықпен секіруші Анастасия Ермакова екінші орынға ие болды. Жарыс алдында Ермакова жүлдеге ілігетіндей мүмкіндігі жоқ секілді көрінген еді. Дегенмен, Гифуде жерлесіміз ешқандай рекорд жаңартпаса да, үздіктер қатарынан көрінді. Тек қытайлық Цзочэн У-ға жол берген 17 жастағы қазақстандық 3.60 метрмен күміс медаль жеңіп алды.

Павлодарлық Диана Гейнц жетісайыстан қатысып, қола жүлдені қанжығасына байлады.

20 жасқа дейінгі Азия чемпионаты Диана үшін аса сәтті басталмаған болатын. Екі күнге жоспарланған жетісайыстың алғашқы күнінде жерлесіміз ұзындыққа секіруден бесінші орыннан көрінді. Кейіннен найза лақтырудан екінші орын алып, жалпы есепте төртінші сатыға көтерілді.

Жарыстың екінші күнінде 18 жастағы Гейнц мінез таныта білді. Ол 800 метрге жүгіруде бәсекелестерінің көбісін қапы қалдырып, ұпай саны жөнінен үшінші орындағы спортшыдан озып кетті. Нәтижесінде4804 ұпай жинап, өзінің жеке рекордын жаңартты. Сондай-ақ жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатының қола жүлдегері атанды.

Сөйтіп, жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатын 1 күміс, 2 қола медальмен аяқтадық.

Тізімге қайта оралу