XXVIII Ғ.Қосанов Мемориалы» халықаралық жарысы

Есептегіш

11

Күн
Алматы

Григорьев Тайпэйдегі күмісін Ашхабадта алтынға айырбастай ала ма?

14.09.2017

Бек Төлеуов  
257
Григорьев Тайпэйдегі күмісін Ашхабадта алтынға айырбастай ала ма?

Түркіменстан астанасы Ашхабад қаласында өтетін жабық кешендегі Азия ойындарының басталуына аз уақыт қалды. Осы ретте Қазақстан Республикасы жеңіл атлетика федерациясының порталы еліміздің намысын қорғайтын атлеттерді толығырақ болады.

Қазақстан намысын қорғайтын 15 жеңіл атлеттің ішінде сырықпен секіруші Сергей Григорьев те бар. Ол жақында Тайпэйде өткен бүкіләлемдік жазғы Универсиада ойындарында екінші орын алған. Енді 25 жастағы атлетке күмісті алтынға айырбастайтын керемет мүмкіндік туып тұр.

Ашхабадта сырықпен секіруші ерлер арасында 7 атлет тіркелген. Оның бірі жерлесіміз – Сергей Григорьев. Қарсыластарының арасында Патсапон Амсам-Анг (Таиланд), Хуссейн  Аль-Хизам (Сауд Арабиясы), Мунтадер Абдулвахи (Ирак),  Ян Лючень және Чень Ян (екеуі де – Қытай).  секілді спортшылар бар.

Алматылық атлет биылғы маусымда жақсы нәтиже көрсетіп жүр. Мамыр айында Оңтүстік Кореяның Пусан қаласында өткен халықаралық турнирде жеңіске жетті және өзінің спорттық мансабындағы ең үздік нәтижесін тіркеді (5, 65) метр. Тамыз айында Универсиада ойындарының күміс жүлдесіне қол жеткізді. Біздің атлеттердің ішінде жалғыз жүлдеге іліккен де осы Григорьев болды. Көрсеткіші – 5,50 метр.

Жабық кешендегі Азия ойындарына қатысуға өтініш бергендердің ішінде биылғы маусымда жоғары нәтиже көрсеткен Григорьев болып тұр. Екінші орында – таиландтық Патсапон Амсам-Анг. Оның көрсеткіші – 5,40 метр. Сондықтан Сергейдің алтын жүлде алуға мүмкіндігі зор. Барлығы спортшының дайындығына байланысты. 

Айта кетейік, Ашхабадтағы V жабық кешендегі Азия ойындарына жеңіл атлетиканың 13 түрі енгізілген. Спортшылар 26 медаль жиынтығын сарапқа салады. Сайыстар үш күнге созылады (18-20 қыркүйек).

Тізімге қайта оралу