Қыздардан Лондонға кімдер баруы мүмкін?

10.04.2017

ФЛА  
134
Қыздардан Лондонға кімдер баруы мүмкін? Гүлжанат Жанатбек

Жеңіл атлетикадан биылғы жылдың ең басты жарысы Лондонда өтетін әлем чемпионаты. Әлем біріншілігінің жолдамалары 23 шіледеге дейін сарапқа салынады. Сондықтан әлі уақыт  бар.

Жеңіл атлетиканың бірнеше түрі бойынша жолдамалар  өткен жылдың 1 қазанында басталды. Енді 23 шілдеге дейін жалғасатын болады. 10000 метрге жүгіру, марафон, спорттық жүріс, эстафета секілді жеңіл атлетиканың бірнеше түрінен жолдама алу үшін тіпті 2016 жылдың 1 қаңтарынан басталған нәтижелер ескеріледі.

 Ал әлем біріншілігі 4-13 тамыз аралығында Ұлыбритания астанасы Лондон қаласында өтеді. Жылдың ең басты жарысына қатысушылар санына шектеу қойылады.Лондонда әрбір спорт түрінен 16 елдің өкілдері қатысады. Мысалы, эстафеталық жүгіруден Лондонға баратын 8 мемлекет 22-23 сәуірде Багамда анықталады. Ал қалған 8 ел 2016 жылдың 1 қаңтарынан басталған көрсеткіштері бойынша іріктеледі.

Әлем чемпионатының қатысу нормативтері

Әлем чемпионатына қатысу үшін мына нормативтерді орындау қажет:

100 метр – 11.26 сек;

200 метр – 23.10 ;

400 метр – 52.10; 

800 метр – 2:01.00; 

1500 метр – 4:07.50; 

5000 метр – 15:22.00; 

10000 метр – 32:15.00; 

марафон – 2:45:00;

 3000 метрді кедергілер арқылы жүгіру – 9:42.00; 

100 метр барьерлер арқылы жүгіру – 12.98; 

400 метрді барьерлер арқылы жүгіру – 56.10; 

Биіктікке секіру – 1.94; 

Ұзындыққа секіру – 6.75; 

Үш қарғып секіру – 6.75; 

Ядро серпу – 17.75; 

Диск лақтыру – 17.75; 

Балға лақтыру – 71.00;

Найза лақтыру – 61.40;

Жетісайыс – 6200; 

20 шақырымға спорттық жүріс – 1:36:00.

Бүгінгі таңда қазақстандық қыздардан нормативті орындаған төрт спортшы бар. Олар: марафоншы Ирина Смольникова (ШҚО) – 2: 41: 03; спорттық жүріс – Регина Рыкова (ОҚО) – 1:34:33; Полина Репина (ШҚО) – 1:34:37; Диана Айдосова (Алматы) – 1:35:13.

Аталған спортшылар бұл нормативті 2016 жылы орындаған.

Желаяқ қыздар

Қазақстандық атлеттердің өткен жылғы көрсеткіштерін есепке алсақ, бірнеше сайыс түрінен нормативті жоғары орындағанын байқауға болады. Мысалы, 100 және 200 метрге жүгіруден Қазақстан рекорды жаңарған еді. Павлодарлық Ольга Сафронова 100 метрді 11.09 секундта басып өтсе, алматылық Виктория Зябкина 200 метрді 22.66 секундта бағындырды. Шығыс Қазақстан облысының тумасы Элина Михина биылғы жылы 400 метрді 52.09 секундта жүгіріп келді. Бұл әлем чемпионатының нормативінен бір секундқа жоғары. Элинаға әлем чемпионатына қатысу үшін кемі осы нәтижесін қайталау қажет.

Екі дүркін Азия ойындарының чемпионы (2010, 2014 жылдары) Маргарита Мукашева (СҚО) 800 метрді өткен жылы 2:00.46 минутта бағындырды. 100 метрге кедергілер арқылы жүгіретін алматылық Анастасия Пилипенко мен Әйгерім Шыназбековаларға былтырғы нәтижелерін қайталаса жеткілікті (Анастасия – 12.87, Әйгерім – 12.98). Ал Гүлжанат Жанатбектің (Талдықорған )  2016 жылғы көрсеткіші нормативтен алыс болған еді. Бірақ өзінің жеке рекордын жаңартты – 2:38:26.

Басты үміт

Үш қарғып секіруден әлем чемпионатына Қазақстаннан бірнеше спортшы өнер көрсетуі мүмкін. Осыдан 5 жыл бұрын осында Ольга Рыпакова Олимпиада ойындарының чемпионы атанған болатын. Сондықтан Рыпакова үшін Лондон ыңғайлы. Ол соңғы  4 жылда ең үздік көрсеткішін былтыр Рио-де-Жанейрода көрсетті. Олимпиада ойындарында 14.74 метрге секіріп қола жүлде еншілеген еді. Тағы бір тәжірибелі спортшы Ирина Эктова былтыр 14.16 метрге секірген. Бұл нәтиже де әлем чемпионатының қатысу нормативінен жоғары.


Тізімге қайта оралу