Марафоннан Азия чемпионаты

Есептегіш

8

Күн
Дунгань, Қытай

Көпсайыстан ел чемпиондары анықталды

14.06.2017

134
Көпсайыстан ел чемпиондары анықталды Надежда Кирнос жетісайыстан қыздар арасында ел чемпионы атанды

Ерлер арасында онсайыстан алматылық Евгений Марченко алтын медаль жеңіп алса, қыздар арасында жетісайыстан маңғыстаулық Надежда Кирнос чемпионаттың үздігі атанды.

Түсіне білген адамға «Спорт падишасының» ішіндегі «патшасы» – көпсайыс. Мұнда атлет әмбебап болуы қажет. Бір ғана 100 метрде жүйрік болып, басқа бағдарламаларда әлсіздік танытуға болмайды. Онсайыстың жетеуінде жеңіп келе жатып, сегізіншісіне келгенде алтыннан ғана емес, күмістен де айрылуың ғажап емес. Бұған Дмитрий Карповтың өмірдерегі куә.

Сонымен, жігіттер арасындағы бағдарламаға барлығы 10 спортшы қатысып, 22 жасар алматылық атлет Евгений Марченков ел чемпионы атанды. Оның еншісінде 6072 ұпай. Екінші орын иегері Алматы қаласының тағы бір спортшысы Александр Касьянов жеңімпаздан жүз ұпайға қалып қойды. Үшінші орында өскемендік Мағжан Жақыпбеков. Осы орайда салыстырмалы түрде айта кетейік, Афины Олимпиадасының қола жүлдегері Дмитрий Карпов бұрындары 8 мыңнан астам ұпай жинайтын. Оның 2004 жылы Грекия астанасында 8725 ұпай жинап, Азия рекордын орнатқан көрсеткіші әлі күнге қаймағы бұзылмаған қалпы тұр.

Айтпақшы, Дмитрий Карпов жақында көпсайыстан ұлттық құрамамыздың аға бапкері болып тағайындалды. Бәлкім, жеңіл атлетиканың бұл бағдарламасындағы жағдай енді түзелетін шығар.

– Менің қазіргі мақсатым – таланттарды іздеу, табу және оларды дайындау. Көпсайыс үлкен еңбекті қажет етеді. Бір ғана жүгіруге немесе секіруге мән беріп, басқасын ұмыт қалдыруға болмайды. Бәрінен бірдей мықты болуың қажет. Егер алдағы уақытта менің жетістіктерімді қайталап, рекордтарымды бұзатын атлет шығып жатса, бірінші болып мен қуанамын. Сол мақсатта тер төгетін боламыз. Әзірге «мен» деп тұрған ешкімді көрмедім, - деді Дмитрий Васильевичтің өзі.

Ал қыздар арасында жағдай сәл болса да жақсырақ сияқты. Жетісайыстан ел чемпионы атанған маңғыстаулық Надежда Кирностың жинаған жалпы ұпайы – 5190. Яғни, кезінде Азияның үш дүркін чемпионы атанған Ирина Карпова-Науменконың көрсеткішіне жетеқабыл. Дегенмен, Науменко бабында жүргенде 6 мыңнан астам ұпай да жинайтын. Сондықтан, Кирносқа да көрсеткішін жақсарту үшін әлі талай тер төгу қажет.

Онсайыс (ерлер):

Жетісайыс (әйелдер):


Тізімге қайта оралу