Ольга Рыпакова «Гауһар лиганың» сегіз кезеңін жеңіп алған

30.08.2017

Бек Төлеуов  
274
Ольга Рыпакова «Гауһар лиганың» сегіз кезеңін жеңіп алған

Жақында Швейцарияның Цюрих қаласындағы «Летцигрунд» стадионында 2017 жылғы «Гауһар лиганың» финалдық кезеңінде жерлесіміз Ольга Рыпакова чемпион атанды.

Бұл Рыпакованың «Гауһар лига» сайысындағы екінші чемпиондық титулы. Бұған дейін 2012 жылғы маусымда жеңіске жеткен.

Ал негізі осы уақытқа дейін Олимпиада чемпионы үш қарғып секіруден «Гауһар лиганың» 8 кезеңінде топ жарған. Әсіресе, 2012 жыл табысты болды. Лондондағы Олимпиададан бөлек, шығысқазақстандық атлет «Гауһар лиганың» үш кезеңін ұтып алды.

Ольга Рыпакованың әр жылдардағы «Гауһар лига» кезеңдеріндегі жеңістері;

1. Шанхай. 15 мамыр 2010 жыл – 14,89 м

2. Брюссель. 27 тамыз 2010 жыл – 14,80 м

3. Доха. 11 мамыр 2012 жыл – 14,33 м

4. Лозанна. 23 тамыз 2012 жыл – 14,68 м

5. Брюссель. 7 тамыз 2012 года – 14,72 м

6. Лондон. 24 шілде 2015 жыл  – 14,33 м

7. Бирмингем. 5 маусым 2016 жыл – 14,61 м

8. Цюрих. 24 тамыз 2017 года – 14,55 м

Тізімге қайта оралу