Шымкенттегі турнирдің жеңімпаздары анықталды

24.04.2017

Бек Төлеуов  
101
Шымкенттегі турнирдің жеңімпаздары анықталды Маңғыстау облысының спортшылары 14 медаль жеңіп алды. Фото lada.kz

Шымкентте жеңіл атлетика түрлерінен Қазақстанның еңбек сіңірген жаттықтырушысы Владимир Липинскийді еске алуға арналған республикалық турнир өтті. Оған 1998-1999 және 2000-2001 жылдары туған жасөспірімдер қатысты.

Жалпы турнирде 350 спортшы өнер көрсетті. Биылғы жылы жүлделі орындарға Алматы қаласы мен 8 облыстың өкілдері таласты (Маңғыстау, Қызылорда, ОҚО, Ақмола, Қостанай, Жамбыл, Қарағанды, СҚО). Ал жеңіл атлетикада үнемі көшбасында жүретін Шығыс Қазақстан мен Павлодар облысының спортшылары өз шеберліктерін паш ете алмады.

Маңғыстау облысының спортшылары 14 медаль жеңіп алды. Мұнайлы өлкенің қыз-жігіттері 7 алтын, 2 күміс, 5 қолаға ие болды. Әсіресе, 100, 200, 400, 800 метрге жүгіру мен биіктікке секіру, ядро серпу, диск және найза лақтыруда үздік болды.

Қызылорданың жасөспірімдер құрамасы 3 алтын, 3 күміс, 1 қола медалға қол жеткізді. Сондай-ақ Оңтүстік Қазақстан мен Қарағанды облысының спортшылары да қалыс қалған жоқ.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлер.

Қыздар

100 метрге жүгіру

1. Аделия Нәзипова (ОҚО) – 12.6 с

2. Аделия Әлихан (ОҚО) –13.1

3. Нелли Зарипова (Қостанай) –13.4

200 метрге жүгіру

1. Анастасия Лысая (Қарағанды) – 26.1 с

2. Умида Сабырова (Алматы) – 26.5

3. Ситора Реджеметова (ОҚО) – 26.6

400 метрге жүгіру

1. Анастасия Лысая (Қарағанды) – 1:00.5 м

2. Умида Сабырова (Алматы) – 1:01.0

3. Яна Кочмар (Қарағанды) – 1:01.4

800 метрге жүгіру

1. Наталья Шевелёва (Маңғыстау) –2:34.2 м

2. Ұлбала Еркін (ОҚО) – 2:35.7

3. Дарья Алпеева (СҚО) – 2:37.4

1500 метрге жүгіру

1. Ульяна Плеханова (Қостанай) –5:02.4 м

2. Татьяна Загривая (Қостанай) – 5:02.7

3. Ұлбала Еркін (ОҚО) – 5:15.1

3000 метрге жүгіру

1. Екатерина Кашафутдинова (ОҚО) – 11:43.5 м

2. Любовь Фурдакова (СҚО) –12:12.1

3. Әйгерім Сапарбай (ОҚО) – 12:24.3

100 метрге тосқауылдар (барьер) арқылы жүгіру

1. Анифа Әбибова (Жамбыл обл) – 16.0 с

2. Аделия Нәзипова (ОҚО) – 16.3

3. Виктория Шелкова (ОҚО) – 18.3

400 метрге тосқауылдар (барьер) арқылы жүгіру

1. Ксения Яценко (Ақмола) – 1:06.7 м

2, Умида Сабырова (Алматы) – 1:06.8

3. Арина Мишеева (Маңғыстау) – 1:09.4

2000 метрге кедергілер арқылы жүгіру

1. Галина Панасенко (Қызылорда) – 7:34.2 м

2. Мөлдір Әділханова (Қызылорда) – 8:23.5

3. Фатима Боранбаева (ОҚО) – 10:57.7

3 мың шақырымға спорттық жүріс

1. Анна Клинкова (ОҚО) –16:05.5

2. Назик Назир (ОҚО) –16:25.0

3. Тоғжан Дәріпекова (ОҚО) – 17:09.4

Биіктікке секіру

1. Кристина Овчинникова (Алматы) –1.60 м

2. Ульяна Филина (Қарағанды) –1.60

3. Сабира Мусина (Маңғыстау) – 1.50

Ұзындыққа секіру

1. Лаура Ахметова (Алматы) – 5.38 м

2. Айя Ибраева (Қызылорда) –5.07

3. Татьяна Овчинникова (Алматы) – 5.05

Үш қарғып секіру

1. Лаура Ахметова (Алматы) – 12.04 м

2. Татьяна Овчинникова (Алматы) – 10.68

3. Әйгерім Рахметова (ОҚО) – 10.68

Ядро серпу

1. Әйгерім Рахметова (ОҚО) – 11.39 м

2. Ольга Макарова (ОҚО) – 10.72 м

3. Ақзере Асылбек (Қызылорда) – 10.69

Диск лақтыру

1. Маргарита Назаренко (Ақмола) – 26.59

2. Әйгерім Әділхан (ОҚО) – 25.86

3. София Габрильян (ОҚО) – 25.32

Балға лақтыру

1. Диляра Шавкатова (ОҚО) – 24.11 м

2. София Габрильян(ОҚО) – 23.30 м

Найза лақтыру

1. Милана Блаженец (Ақмола) – 32.58

2. Юлиана Потлова (ОҚО) –25.48

3. Ольга Макарова (ОҚО) – 24.63

Ұлдар

100 метрге жүгіру

1. Әділ Рамет (Маңғыстау) – 10.7 с

2. Анатолий Лиханов (Алматы) –10.9

3. Кирилл Добренюк (Қызылорда) – 11.0

200 метрге жүгіру

1. Әділ Рамет (Маңғыстау) – 21.7 с

2. Анатолий Лиханов (Алматы) –22.8

3. Сергей Ин (ОҚО) – 23.2

400 метрге жүгіру

1. Қадыр Жалғас (Қызылорда) – 52.0 с

2.Үміт Кудратуллаев (ОҚО) –53.0 с

3. Дамир Қуанышбек (Маңғыстау) –53.3 с

800 метрге жүгіру

1. Мақсат Уәлиев (ОҚО) –2:09.8 м

2. Нұркелді Еркін (ОҚО) – 2:25.7

3. Рахманәлі Худралиев (ОҚО) – 2:25.8 м

1500 метрге жүгіру

1. Олег Панькевич (Қостанай) –  4:21.8 м

2. Игорь Юрченко (Қостанай) –4:36.6

3. Никита Камчатов (ОҚО) –4:40.5

3000 метрге жүгіру

1. Ильхам Ерқабаев (Алматы) – 9:14.1 м

2. Яссауи Аманғос (Алматы) –9:41.2

3. Наиль Құсайынов (ОҚО) – 10:52.3

100 метрге тосқауылдар (барьер) арқылы жүгіру

1. Данила Горячкин (Қарағанды) –14.0 с

2. Сергей Дементьев (Қарағанды) –15.3

3. Николай Карузин (ОҚО) – 15.5

400 метрге тосқауылдар (барьер) арқылы жүгіру

1. Никита Чупоршнев (Қарағанды) – 56.1 с

2. Батыржан Тұрғынбаев (Жамбыл) – 58.1 с

3. Денис Фефелов (ОҚО) – 1:02.9

2000 метрге кедергілер арқылы жүгіру

1. Әділ Қанафин (СҚО) – 6:41.0

2. Сағыжан Әлішбек (Жамбыл) – 6:49.5

3. Расул Төребек (Қызылорда) – 6:54.1

Биіктікке секіру

1. Сергей Дементьев (Қарағанды) – 1.85 м

2. Асылжан Сабыр (ОҚО) – 1.75

3. Олег Иванов (ОҚО) –1.70

Ұзындыққа секіру

1. Данил Баданин (ОҚО) – 5.50

2. Константин Нарметов (ОҚО) – 5.46

3. Артур Иордан (ОҚО) – 5.41

Үш қарғып секіру

1. Александр Попов (Қарағанды) – 13.53

Ядро серпу

1. Александр Лысенко (Маңғыстау) –11.42 м

2. Тимур Асылбеков (ОҚО) – 8.51

3. Бекзат Бердіқұлов (ОҚО) –8.40

Диск лақтыру

1. Евгений Колесов (ОҚО) – 29.11 м

2. Данил Мамаев(Маңғыстау) – 25.81

3. Дәурен Баймұрадов (Маңғыстау) – 25.67

Найза лақтыру

1. Әділ Рамет (Маңғыстау) – 38.36 м

2. Александр Лысенко (Маңғыстау) – 38.19

3. Данил Мамаев(Маңғыстау) – 35.50.

Тізімге қайта оралу