Марафоннан Азия чемпионаты

Есептегіш

8

Күн
Дунгань, Қытай

Спорттық жүрісте оралдықтар озды

14.06.2017

137
Спорттық жүрісте оралдықтар озды Георгий Шейко мен Полина Репина спорттық жүрістен Оралдың абыройын асқақтатып тұр

Жеңіл атлетикадан Алматыда өтіп жатқан Қазақстан чемпионатының спорттық жүріс бағдарламасында оралдықтарға тең келер ешкім болмады. Жігіттер арасында Георгий Шейко чемпион атанса, қыздардан Полина Репина алтынмен апталды. Дегенмен, бұл жеңістер ешкімді де таңғалдырған жоқ.

Орталық стадионда өткен жарыста Георгий қарсыластарынан оқ бойы озып, 20 шақырымды еңсеру үшін 1,5 сағатқа жетер-жетпес уақытын жұмсады. Ал Полина Репина дәл осы қашықтықты 1 сағат 45 минут 37 секундта қиып өтті.

Жалпы, оралдықтардың Қазақстанда үздік болатын жөндері бар. Ол жақта спорттық жүріске бұрыннан жақсы көңіл бөлінеді. Мәселен, Шейкоға дейін ұлттық құрамамыздың намысын қорғаған Рустам Қуатовтың туған жері Павлодар болғанымен кейін республикалық жарыстарға Оралдың атынан шығып жүрді. Қазір де Батыс Қазақстанда орнығып қалған. Шейко мен Репинаның жеке жаттықтырушысы болып, бабтарына келтіріп жүр.

Енді спорттық жүрістегі атлеттерімізді алда Азия чемпионаты күтіп тұр. Ал Шейко Лондондағы әлем чемпионатының нормативін де орындап қойған. Ол енді алдымен Венгрияда оқу-жаттығу жиынын өткізіп, сол жақтан бірден Англияға аттанады.

Спорттық жүріс, 20 шақырым

Ерлер:

1. Георгий Шейко (Орал) – 1:29.24,0

2. Виталий Терехин (Алматы) – 1:42.41,0

3. Заманбек Бабабек (Алматы) – 1:48.17,8

Әйелдер:

1. Полина Репина (БҚО) – 1:45.37,0

2. Дана Айдосова (Алматы) – 1:50.38,6

3. Екатерина Шлыкова (Алматы) – 1:52.50,0

Тізімге қайта оралу