Марафоннан Азия чемпионаты

Есептегіш

6

Күн
Дунгань, Қытай

Тахиржан Қадырқұлов: Қазақстан чемпионатында топ жаруды көздеймін

17.05.2017

Бек Төлеуов  
172
Тахиржан Қадырқұлов: Қазақстан чемпионатында топ жаруды көздеймін Тахиржан Қадырқұлов (Ақмола облысы). Фото Эдуарда Гавриша

Алматыда өткен жеңіл атлетикадан Қазақстан кубогында ұзындыққа секіруден 22 жастағы көкшетаулық спортшы Тахиржан Қадырқұлов жеңіске жетті.

7,50 метрге секіріп, жеңіске жетті. Екінші орынға керекулік Константин Сафроновқа тұрақтады. Қола жүлде Шымкенттен келген Владимир Потоцкийге бұйырды.

– Қазақстан кубогы – бұл маусым айында өтетін Қазақстан чемпионатының алдындағы дайындық іспеттес турнир болды. Бұл жарыс өз мүмкіндігімізді пысықтап көруге мүмкіндік сыйлады. Қарсыластарым да қарымды болып шықты. Олар менен аса қатты қала қойған жоқ. Көрсеткен нәтижеме көңілім толады. Барлығы өте керемет өтті. Былтырғы жылы 7,60 метрге секірген едім. Әзірге бұл маусым басы. Сондықтан көрсеткішті жақсартуға болады. Жоспар бойынша, 7,70-7,75 метрге секірсем деп ойлаймын, – дейді Тахиржан Қадырқұлов

Ал ұзындыққа секіруден ерлер арасында алматылық Роман Лошкарев чемпион атанса, әйелдерден шымкенттік Александра Гулюкина бірінші орын алды. 

Ұзындыққа секіру: Ерлер: 

1. Тахиржан Қадырқұлов (Ақмола облысы) – 7,55 м
2. Константин Сафронов (Павлодар облысы) – 7,41 м
3. Владимир Потоцкий (Оңтүстік Қазақстан облысы) – 7,36 м

Биіктікке секіру. Ерлер:

1. Роман Лошкарев (Алматы) – 2,20 м
2. Роман Вознюк (Қарағанды) – 2,04 м
3. Евгений Киселев (Солтүстік Қазақстан облысы) – 1,90 м

 Биіктікке секіру. Әйелдер:

1. Александра Гулюкина (Оңтүстік Қазақстан облысы) – 1,70 м
2. Анастасия Ефименко (Алматы) – 1,60 м. 

Тізімге қайта оралу