Марафоннан Азия чемпионаты

Есептегіш

7

Күн
Дунгань, Қытай

Алексей Кондрат 60 жаста

26.04.2017

Алексей Кондрат 60 жаста

Бүгін 25 сәуір ҚР жеңіл атлетика федерациясының вице-президенті Алексей Миайлович Кондраттың туған күні. Мерейтой иесі 60 жасқа толды!

Алексей Кондрат 1957 жылы 25 сәуірде Қарағанды облысының Балқаш қаласында дүниеге келген.Жеңіл атлетикамен 1966 жылдан бастап айналысқан. Бірнеше мәрте жасөсірімдер арасында республикалық және Бүкілодақтық жарыстарда топжарған.

1973 жылы Бүкілодақтық оқушылар Спартактиадасына дайындалу үшін Алматыдағы республикалық мектеп-интернатқа ауысады. 1974 жылы Қазақ мемлекеттік денешынықтыру институтына оқуға түсіп, оны 1978 жылы үздік бағамен бітіріп шыққан. 1974-78 жылдары Бүкілодақтық «Буревестник» спорт қоғамына мүше болды. 1980–1991 жылдары резервтегі спортшылардың аға бапкері, кейіннен «Еңбек» қоғамының аға бапкері болып қызмет атқарды. 1991 – 2016 жылдары ҚР жеңіл атлетика Федерациясының вице-президенті әрі ьас хатшысы болды. 2016 жылдың желтоқсан айынан бастап, ҚР жеңіл атлетика федерациясының вице-президенті. 2005 жылы Азия қауымдастығының конгресінде Азия жеңіл атлетика қауымдастығының мүшелігіне өтті. Ал 2015 жылы Азия жеңіл атлетика қауымдастығының вице-президенті болып сайланды.

Өмірінің 50 жылын жеңіл атлетикаға арналған Алексей Михайловичті Федерация атынан мерейтойымен шын жүректен құттықтаймыз! Сізге зор денсаулық, мол бақыт, отбасыңызға амандық тілейміз!

Тізімге қайта оралу