Марафоннан Азия чемпионаты

Есептегіш

8

Күн
Дунгань, Қытай

«Ақтау аруы» Астана халықаралық марафонына қатысуға шақырды

17.08.2017

Бек Төлеуов  
217
 «Ақтау аруы» Астана халықаралық марафонына қатысуға шақырды

27 тамыз күні елордамызда өтетін халықаралық ШЫҰ марафонына қатысатындардың арасында өнер, спорт жұлдыздары, «Қазақстан аруы» байқауының жеңімпаздарымен жүлдегерлері бар.

Солардың бірі «Мисс-Актау 2015»  байқауының жеңімпазы –  Джейран Дурсунова. Ол 27 тамызда 10 шақырымға жүгіруге ниет білдіріп отыр. Еліміздің батыс өңірінен келген ару қызбен аз-кем сұхбаттасқан едік.

– Джейран, бұрын марафонға қатысқан тәжірибеңіз бар ма еді?

– Мен бұрыннан марафондарға қатысып жүрмін. Осының алдында Алматыда өткен марафонда жүгіргенмін.

– Бұл жолы өз бағыңызды қай қашықтықта сынап көрмекшісіз?

– Астана халықаралық марафоны үш қашықтық бойынша өтетінін білемін. Маған ыңғайлысы, 10 шақырым. Сондықтан осы орта қашықтыққа жүгіремін деп шештім. Жалпы өзім екі күнде бір рет жүгіріп тұрамын. Дайындығым жақсы деп айтуға болады.


– Жүгіруден бөлек, спорттың өзге түрімен айналысасыз ба?

– Иә, мен фитнес және аэробикамен айналысамын. Өзіме спортпен шұғылданған қатты ұнайды. Адам әдемі болғысы келсе, спортқа жақын болғаны дұрыс.

– Астана марафоны жайлы алғаш рет қашан естідіңіз?

– Шілде айында естіп білдім. Өте ауқымды деңгейде өтейін деп жатыр. Оны дайындық жұмыстарынан-ақ байқауға болады. Мұндай халықаралық марафондарға қатысуға әр кезде дайынмын.

– Осындай бұқаралық шараларға ерлерге қарағанда қыздардың аз қатысатынын білеміз. Аруларымызды спортқа көптеп тарту үшін қандай кеңес айтасыз?

– Меңінше, қазіргі кезде екі жақтың үлесі бірдей деп ойлаймын. Салауатты өмір салтын насихаттап жүрген қыздардың қатары көбейіп келеді. Сұлу, әдемі болғыларыңыз келсе, спортпен айналысыңыздар, сіздерді 27 тамызда Астана халықаралық марафонында күтеміз.

Джейран Грузия мемлекетінде дүниеге келген. 2000 жылдардың басында отбасымен бірге Ақтау қаласына көшіп келген. 2015 жылы Маңғыстау облысының аруы атанды.

Еске сала кетейік, ЭКСПО-2017» аясында өтетін ШЫҰ мен АӨСШК халықаралық марафоны 2017 жылдың 27 тамызында таңғы сағат 07:30-да басталады. Марафонның маршруты Астананың сол жағалауындағы басты көшелерді қамтиды. Спорттық шараға ШЫҰ мүше әрбір мемлекеттен жалпы 30 кәсіби спортшыны тарту көзделген. 

Марафонға кәсіби спортшылардан бөлек, жүгіруге әуес жандардың барлығына қатысуға мүмкіндік бар. Тіркелу http://scomarathon2017.com/kz сайты арқылы жүзеге асырылады. 

Тізімге қайта оралу