Марафоннан Азия чемпионаты

Есептегіш

6

Күн
Дунгань, Қытай

Александр Кругликов: Қазақстанда жаттықтырушыларға арналған оқу курсына қызығушылық артып келеді

17.10.2017

80
Александр Кругликов:  Қазақстанда жаттықтырушыларға арналған оқу курсына қызығушылық артып келеді

ҚР жеңіл атлетика федерациясының қолдауымен 19-30 қазанда Шымкент қаласында жаттықтырушыларға арналған оқу курсы өтеді.

Біліктілікті арттыруға арналған мұндай курс осыған дейін Өскемен қаласында екі рет ұйымдастырылған еді. Алдымен сәуірде, сосын тамыз айында. Соңғысында орта қашықтыққа жүгіру бойынша (3000 метр) 1998 жылғы Олимпиада чемпионы және әлемнің үш дүркін жеңімпазы Татьяна Самоленко, онсайыстан КСРО рекордсмені, Халықарарлық жеңіл атлетика федерациялары қауымдастығының (IAAF) жоғары дәрежелі лекторы Александр Апайчев дәріс оқыған болатын.

Бұл жолы жаттықтырушылар шырайлы Шымқалада жиналады. IAAF-тың ресми лекторы, ҚР жеңіл атлетика федерациясының ғылыми-техникалық орталығының жетекшісі Александр Кругликовтың айтуынша оқу курсы тегін өткізеледі.

– Ғылыми-техникалық орталық аймақтарға курс туралы ақпарат таратты. Біз әрбір топқа 25 адамнан жинаймыз деп жоспарланғанбыз. Бірақ өтініш берушілер саны бұдан асып кетті. Kids Athletics бағыты бойынша барлық шығынды IAAF өз мойнына алып отыр. Қатысушылар тек жол шығынын ғана өз қалталарынан төлейді. Оқу курсын Шымкенттегі ашық стадион мен манежде өткіземіз. Шеберлік сағатына Эстониядан IAAF-тың ресми лекторы Виктор Предбанников келеді. Курс әрбір топ үшін 12 күнге жалғасады.

– Бүгінгі таңда курсқа қатысуға қанша адам тіркелді?

– Бүгінгі таңда Шымкенттегі біліктілікті арттыруға арналған курсқа 60 адам тіркеліп үлгерді. Әлі де уақыт бар. Сондықтан бұл сан артатына сенімдімін. Бірден айта кетейін, бұған дейін Қазақстанда жеңіл атлетика жаттықтырушыларға арналған курстарға осынша адам қатысып көрмеген болатын.

Бұл жолы оқу курсын екі бағыт бойынша өткізгелі отырмыз. Біріншісі, балалармен жұмыс істейтін бапкерлерге арналған курс. Бұл топ – Kids Athletics деп аталады. IAAF-тың стандарты бойынша өтетін курсқа 24 адам қатысады. Қалған жаттықтырушылар біліктілікті арттыруға арналған жалпы курста өз білімдерін жетілдіретін болады. 12 күнге жалғасатын курс аяқталған соң, тыңдаушылар жазбаша емтихан тапсырады. Сосын сертификатқа ие болады.

­– Шымкенттегі оқу-курсына қай аймақ ерекше қызығушылық танытып отыр?

– Әрине, курс өтетін қаланың жергілікті жаттықтырушылары, яғни Оңтүстік Қазақстан облысының өкілдері. Сондай-ақ Маңғыстау, Қызылорда, Қостанай, ШҚО және Алматы қаласынан келетіндер бар. Қатысушыларды Шымкенттің Орталық стадионының қасындағы қонақ үйде орналастырамыз. Сабақтың негізгі бөлігі жеңіл атлетикаға арналған манежде өтеді. Курсқа қатысушыларға лекцияға оқуға Мәдениет және спорт министрлігі мен республикалық допингқа қарсы лабораторияның өкілдері келеді.

Тізімге қайта оралу