Марафоннан Азия чемпионаты

Есептегіш

2

Күн
Дунгань, Қытай

Қордайдан шыққан Азия чемпионы

13.07.2017

Бек Төлеуов  
179
Қордайдан шыққан Азия чемпионы

Үндістанның Бхубанешвар қаласында өткен жеңіл атлетикадан Азия чемпионатында ел сенімін ақтаған спортшылар оралды. Олардың арасында 4х100 метрлік эстафетада жеңіске жеткен аруларымыз да бар. Әуежайда сол команданың құрамында жүгірген жамбылдық Светлана Голендовамен аз-кем сұхбаттасқан едік.

– Светлана, алдымен Азия чемпионатынан алған әсеріңізбен бөліссеңіз?

– Әр жарыстың өзіндік эмоциясы болады. Ал қазір аздап шаршап тұрмыз. Өйткені көп уақытымыз жолда өтті. Жалпы, Азия чемпионатындағы нәтижемізге, өзіміздің атқарған жұмысымызға көңіліміз толады. Бізге артылған сенімді ақтадық. Бапкердің тапсырмасын орындауға қолдан келгенше тырыстық.

– Жалпы, нәтижеге көңіліңіз толады ғой?

– Үндістанның климаты басқа. Күн қайнап тұр. Оның үстіне жүгіретін жолақ жұмсақтау. Бізге жүгіру қиындауға соқты. Бірақ соған қарамастан жеңіске жеткенімізге қуаныштымын.

– Бәсекелестік жоғары деңгейде болды ма?

– Бәсекелестік өзіміз күткен деңгейде болды. Біздің негізгі мақсат уақыт көрсеткішімізді жақсарту еді. Бұл жолы Азия чемпионатында 43,03 секундта жүгірдік. Әрине рекорд жаңарта алмадық. Бірақ соған қарамастан жақсы жүгірдік деп ойлаймын.

– Алда әлем чемпионаты. Азия чемпионы ретінде қатысатын болдыңыздар.

– Азия чемпионы ретінде әлем чемпионатына қатысатынмызды естідім. Енді дайындықты әріқарай пысықтап, Лондонда жақсы өнер көрсетуге барымызды саламыз. Бәрі жақсы болады деп ойлаймын.

Айта кетейік, Светлана ұзақ уақыт жарыстарға Иванчукова болып шығып жүрді. Кейіннен тұрмысқа шыққан соң, Голендова болып ауысты. Спортшы Жамбыл облысының Қордай ауданында дүниеге келген. Жеңіл атлетикаға келмес бұрын бимен айналысып, әр түрлі конкурстарға қатысқан. Арада бір жыл өткен ол жеңіл атлетиканы таңдайды. Бірде үйіне келіп, «Мама, мен енді жүгіремін» деп айтады. Ел чемпионатында алғаш рет 2008 жыл жеңіске жеткен. Туған жерінде Алина Ахметова есімді бапкер жаттықтырса, қазіргі кезде Алматыда Любовь Никитенконың қол астында. 2015 жылы бүкілелемдік Универсиада ойындарында командалық эстафетадан чемпион атанды..

Тізімге қайта оралу