Марафоннан Азия чемпионаты

Есептегіш

8

Күн
Дунгань, Қытай

Арыстанбек Мұхамедиұлы ШЫҰ марафонында қай қашықтыққа жүгіретінін айтты

22.08.2017

114
Арыстанбек Мұхамедиұлы ШЫҰ марафонында қай қашықтыққа жүгіретінін айтты

27 тамыз күні Астанада өтетін ШЫҰ марафонына еліміздің Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы да қатысуға ниет білдіріп отыр. Елордамыздың триатлон паркінде өткен флешмоб барысында журналистердің сұрақтарына жауап берген министр қай қашықтыққа жүгіретіні туралы айтып берді.

– Астанада халықаралық марафон өткізейін деп отырмыз. Бұған еліміздің спортшыларынан бөлек, шетелдерден де кәсіпқой спортшылар келіп қатысады. Бұл ШЫҰ марафонының деңгейі өте жоғары екенін көрсетіп отыр. Осы шараны қолдап, жоғары дәреже өтуіне атсалысып отырған әріптестерімізе де көп алғыс айтамын, - деп бастады Арыстанбек Мұхамедиұлы.

– Елімізде мұндай марафондар бірінші рет өтейін отырған жоқ. ШЫҰ марафонының басқалардан ерекшелігі қандай болмақ?

– Басты ерекшелігі – ШЫҰ марафоны елімізде өтетін тұңғыш кәсіпқой марафон. Мұнда жүгірген спортшылардың нәтижелері IAAF, яғни Халықаралық жеңіл атлетика федерациясында есепке алынады. Басқа марафондарда жүгіретін спортшылардың нәтижелері тіркеле бермейді. Сонымен қатар, ШЫҰ марафоны Астананың ең көрнекті жерлерімен өтеді. Ал оның барлығын түсіріп, әлемге тарататын масс-медиалар да жетерлік.

– Өзіңіз осы марафонға қатысасыз ба?

– Мен де жүгіремін. Бірақ, қай қашықтыққа жүгіретінімді әлі шешпедім. 21 шақырым жоқ, әйтпесе соны таңдар едім. Ал 42 шақырымға жүгірейін десем, бас жағында келмесім анық. Ал маған мәреде өзгелерден бұрын болып, марапттау рәсіміне қатысуым қажет. Сондықтан, 10 шақырымға жүгірсем бе деп тәуекел етейін деп отырмын.

Тізімге қайта оралу