Жазғы Азия ойындары 2018

Есептегіш

15

Күн
Джакарта, Индонезия

Қазақстанда автохронометражға байланысты төрешілерді оқыту-курсы өтеді

08.06.2018

85
Қазақстанда автохронометражға байланысты төрешілерді оқыту-курсы өтеді

Қазақстан жеңіл атлетика федерациясының ғылыми-техникалық орталығы жаттықтырушылар мен төрешілердің біліктілігін көтеруге арналған кезекті тағы бір семинар және тренингтің өтетінін хабарлады.

Ол туралы kazathletics.kz тілшісіне орталықтың басшысы Александр Кругликов айтып берді.

– Алдағы 23-25 шілде күндері елімізде алғаш рет төреші-автохронометристердің курсы өтеді. Дәріс оқуға Польшадан Гжегож Липински шақырылып отыр. Ол барлығын толығырақ түсіндіріп беретін болады. Тас жолды өлшеген кезде қандай техникалық қателіктер жібермеу қажеттігін, электрондық аппараттың функицоналдық ерекшеліктерін айтып береді. Сондай-ақ практикалық жаттығулар да болады. Тыңдаушылар Шымкент, Қарағанды, Алматы, Павлодар, Өскемен қалаларынан келеді. Басқа қалалардан да шақырылады. Іс-шарада фотофиниш, нәтижелерді тіркеу, тайминг, фальстартты анықтау, желдің жылдамдығын өзгерту секілді мәселелер де қарастырылады. Бұл курс автохронометаждың барлық ерекшеліктерін тыңдаушыларға толық жеткізеді деп үміттенемін. Курс аяқталған соң қатысушыларға сертификат беріледі.

– Қазақстандық жаттықтырушылар мен төрешілерді тағы қандай қызықты оқыту курстары күтіп тұр?

– Өте көп. Бізде қазір IAAF Kids athletics бағдарламасы жоғары қарқын алған. Бұл бағдарламаның ерекшелігі – жеңіл атлетикаға икемі бар талантты балаларды көптеп тарту. Балалар арасындағы жарыстарға біздің көптеген төрешілер мен бапкерлеріміз қатысады. Олардың арасында жас мамандар жетелік. Тамыз айында IAAF-тың дәріс берушілерге арналған бірінші деңгейлі курсы өтеді. Оған 20-дан астам адам қатысады. Кейіннен олар өздері оқытушы ретінде дәріс беретін болады.«Шыдамылық жаттығулары бойынша әдістеме», «IAAF TOECS бағдарламасы бойынша төрешілерді дайындаудың екінші деңгейлі курсы» секілді іс-шараларымыз күзге жоспарланған.

Ғылыми-техникалық орталықтың атқарушы директоры Айжан Байшыңғысованың айтуынша, алдағы уақытта отандық жеңіл атлетикадағы төрешілер мен жаттықтырушыларды жаңа кезең күтіп тұр. 

– Біз қазір аяғымызға тұрып, уақытымен мамандарды дайындауға көбірек көңіл бөлуге тырысып жатырмыз. Төрешілер мен жаттықтырушылардың біліктілігін көтеруге арналған оқыту курстары барлық заманауи талаптарға сай ұйымдастырылып жүр. Дәріс беруге келіп жүрген мамандардың барлығы тәжірибелі, IAAF белгілеген, сертификаты бар адамдар. Былтырғы жылы бес оқыту курсын өткіздік. Соның арқасында 150 отандық жаттықтырушы мен төреші арнайы сертификатқа ие болды. Көбісі, алған білімдері тәжірибе кезінде пайасы тиіп жатқанын айтады. Енді алда бізде жаңа жобалар. Ғылыми-техникалық орталықтың басты мақсаты – өзіміздің мамандарды әлемдік стандарттар мен тәжірибеге сай оқыту және даярлау.

Тізімге қайта оралу