Бақтияр Артаев: 42 шақырымға жүгіріп көргім келеді

27.08.2017

Бек Төлеуов  
108
Бақтияр Артаев: 42 шақырымға жүгіріп көргім келеді

Бүгін Астанада өткен Шанхай ынтымақтастық ұйымының халықаралық марафонына қатысқандардың арасында өнер, спорт жұлдыздары, шенеуніктер болды. Солардың бірі – бокстан Афины Олимпиадасының чемпионы Бақтияр Артаев.

– 10 шақырым аса қиын емес. Бірақ дайындықты қажет етеді. Бүгін шамамыз жеткенше жақсы нәтиже көрсетуге тырыстық.

– Жеңіл атлетикада жүгіретіндер спринтер және стайер деп бөледі. Сіз қайсысына жатасыз?

– Мен негізінен ұзақ қашықтыққа жақсы жүгіремін. Сондықтан өзімді стайер деп санаймын. Бұған дейін жартылай марафонға қатысып көрдім.   

– Бұрын ұлттық құрамада жүргеніңізде Бақтияр Артаев ұзақтыққа жүгіруден әрдайым бірінші келеді деп естуші едік. Сол рас па?

– Бізде боксшыларда шаршы алаңнан бөлек, футбол алаңында да, жүгіруде өзіндік кішігірім бәсекелестіктер болады. Талай жыл ұлттық құраманың капитаны болғандығымнан маған үнемі алдыңғы қатарда келуім қажет болатын. Статусым соны талап етті. Сондықтан, кросс кезінде бірінші болмасақ та, үнемі үздік бестіктің қатарында болуға тырысатын едік.

  – Алдағы жоспарыңыз қандай?

– 42 шақырым 195 метрге жүгіру. Өз бағымды толық марафонда сынап көргім келеді.

Айта кетейік, 42 шақырым 195 метрге жүгіргендердің арасында ерлерден өзбекстандық Андрей Петров жеңіске жетті. Екінші орын Беларусьтан келген Владислав Прямовқа бұйырды. Қола жүлдені қырғыз спортшысы Илья Тяпкин еншіледі. 

Тізімге қайта оралу