Марафоннан Азия чемпионаты

Есептегіш

8

Күн
Дунгань, Қытай

Балнұр Асылбек: Мәреге 38 минутта жетемін деп жоспарлаған едім

30.08.2017

Бек Төлеуов  
128
Балнұр Асылбек: Мәреге 38 минутта жетемін деп жоспарлаған едім Сол жақтан бірінші - Балнұр Асылбек

Астанада өткен Шанхай ынтымақтастық ұйымының халықаралық марафоныда әйелдер арасында 10 шақырымға жүгіруден жүлделі үш орынды да қазақстандық спортшылар еншіледі. Бұған дейін ҚР жеңіл атлетика федерациясының порталы чемпион атанған Татьяна Нерознокпен тілдескен болатын. Енді осы жолы күміс жүлдегер Балнұр Асылбекпен болған шағын сұхбатты ұсынады.  

– Ұйымдастырушыларға алғысымды айтамын. Марафон өте жоғары деңгейде өтті. ЭКСПО-2017 көрмесі аясында бұл Қазақстан халқына керемет сыйлық болды. 6000-ға жуық адам қатысқан марафонда 10 шақырып жүгіріп, үздіктер қатарынан көрінгеніме қуаныштымын.

– Бұрын-сонды марафондарға қатысқан тәжірибеңіз бар ма?

– Бұған дейін Астанада өткен BI-марафонға қатысқанмын. Өзім спортпен кәсіби түрде айналысамын. Сонымен қатар жаттықтырушымын. Жеңіл атлетикада «стайер» деген бар. Яғги орта, ұзақ қашықтыққа жүгіретіндерді айтады. 1500, 3000, 5000, 10000 метрлерге жүгіріп көргенмін. Одан бөлек, 21 шақырымнан тұратын жартылай марафонда да бағымды сынағанмын. Жеті дүркін Қазақстан чемпионымын.

– 10 шақырымда жүгіруде әйелдер арасында қостанайлық Татьяна Нерознок чемпион атанды. Онымен бұрын жарысып көргенсіз бе?

– Татьяна менен 10 жасқа үлкен. Жеткен жетістіктері де көп. Азия чемпионатында жүлде салған спортшы. Екеуіміз талай жарыстарда бірге бақ сынап көргенбіз. Осы жолы мәреге 41:08 минутта жеттім. Негізі өзімнің жоспарым бойынша 38 минут еді. Бірақ сәл кешігіп қалдым.

– Марафонға қайда дайындалдыңыз?

– Қазіргі кезде Оңтүстік Қазақстан облысының №2 спорт мектебінде жаттықтырушымын. Сондай-ақ бапкерлік жұмыспен қатар өзімде күнделікті дайындаламын.

– Алдағы жоспарыңыз қандай?

– Қыркүйек айында Астана марафонына қатысамын. Жартылай марафонға жүгіріп, жүлделі орынға іліксем деген үмітім бар. 

Тізімге қайта оралу