Елсияр Қанағатов: Астана марафонының жалпы жүлде қоры – 22 миллион теңге

26.07.2017

100
 Елсияр Қанағатов: Астана марафонының жалпы жүлде қоры – 22 миллион теңге

ЭКСПО-2017 мамандандырылған көрмесі аясында Шанхай ынтымақтастық ұйымы мен Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары жөніндегі кеңестің қолдауымен 27 тамызда Астанада халықыралық марафон өткізіледі. Осы марафонның жоғары деңгейде өткізілуіне атсалысып жүргендердің бірі ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы Елсияр Қанағатов мырза дайындық жұмыстары туралы айтып берді.  

зіргі кезде ЭКСПО-2017 көрмесі аясында көптеген халықаралық мәдени және спорттық шаралар ұйымдастырылып жатыр. Соның бірі – Астана халықаралық марафоны. 27 тамыздағы халықаралық марафонды ҚР Мәдениет және спорт министрлігі, ҚР Жеңіл атлетика Федерациясы, Астана қаласының әкімдігі бірігіп өткізеді. Сондай-ақ қосымша Шанхай ынтымақтастық ұйымы мен Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары жөніндегі кеңес көмектеседі. Жалпы, марафон үш кезеңді қамтиды. Ең ұзақтығы – 42 шақырым 195 метр, орта қашықтық – 10 шақырым.  Одан бөлек,  ЭКСПО-2017 көремінің құрметіне орайластырылған 2017 метр бар. Астана марафонның маңыздылығы халықаралық ЭКСПО-2017 көрмесі аясында ұйымдастырылып отыр. Халықаралық марафон – Астана қаласын, елімізді танытуға жақсы мүмкіндік деп ойлаймын.  

– Марафонның  жүлде қорын айтып өтсеңіз?

–Жалпы, марафонның жүлде қоры – 22 миллион теңгені құрап отыр. ЭКСПО аясында болғандықтан шетелдік қонақтарға да жүлде тарату көзделген. Федерациямен бірлесіп жасап жатқан шарларымыз бар. Бастысы, марафонды жоғары деңгейде өткіземіз деп үміттенеміз.

– Халықаралық деңгейдегі марафонға қолдау көрсетіп отырған ұйымдар бар ма?

– Марафон әр түрлі ұйымдардың қолдауымен өткізіледі. Бас демеуші – «Самұрық-Қазына» әл-ауқат қоры. Сондай-ақ ҚР Жеңіл атлетика федерациясы менАстана қаласының әкімдігі бар. Ал Шанхай ынтымақтастық ұйымы барлық қатысушыларды спорттық формамен қамтамасыз етеді. 25 тамызда Астанада тағы да баспасөз жиынын өткізіп, журналистерге рұқсатнама картасын таратамыз. Осы жерде бір айта кетерлік жайт, журналистерді марафонды насихаттауға ғана емес, жүгіруге де шақырамын. Бізде журналистер арасында спартакиада тұрақты түрде өткізіліп тұрады. Сонымен қатар футбол ойыны тілшілер қауымы арасында өте танымал. Енді БАҚ өкілдерін марафонға да қатысуға шақырамын. Алғашында 2017 метрге бақтарын сынап көруге болады. Сосын шамалары 10 шақырымға, одан кейін толық марафон яғни 42 шақырым 195 метрге жүгірсе де қарсы емеспіз (күлді).

– Астана халықаралық марафонына қатысу жарнасы қанша ?

Ең ұзақ қашықтық 42 шақырым 195 метрге жүгіру үшін 5 мың теңге, 10 шақырымға 3 мың теңге төлеу керек. Ал 2017 метрге тегін. Жиналған қаржы марафонды ұйымдастыру жұмыстарына, төрешілерге жұмсалады. Бұл сұрақтармен Жеңіл атлетика федерациясы айналысады.  

–  Қатысушылар арасында әлемге танымал марафоншы Марат Жыланбаев бар ма?

– Марат Жыланбаев – даңқты спортшы. Біз оны ресми түрде Орталық коммуникациялар алаңы арқылы қатысуға шақырамыз. Марат секілді атақты спортшыларға қарап, жастар өседі. Сондықтан біздің бұл бастамамызды қолдап, қатысады деп үміттенеміз.

– Ұйымдастырушылар Астана халықаралық марафонына қанша адам қатысады деп жоспарлап отыр?

– Қатысушының көп болғаны бұқаралық спортты дамытуға, жарнамалауға ыңғайлы. Біздің жоспар бойынша 27 тамызда 5000-нан астам адам жүгіреді деп отырмыз. Оның ішінде 1000 адам Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше шет мемлекеттерден келуі тиіс. Қазіргі кезде арнайы сайт ашылған. Қатысамын, тіркелемін деген адамға шектеу жоқ. Біз қайта қуанамыз.

– Астана халықаралық марафоны бұқаралық шара ғана емес, спорттық мереке. Қатысушылардың арасында кәсіби споршылар бола ма?

– Әрине! Шанхай ынтымақтастық ұйымымен ҚР Мәдениет және спорт министрлігі және жеңіл атлетика федерациясы арасында осы бағыта жұмыс жүргізіліп жатыр. Мәселен, ШЫҰ-ға мүше елдерден 30 кәсіби спортшы шақыру көзделіп отыр. Шығынды ұйымдастырушылар көтереді. Әрбір елден  танымал марафоншылар келеді деп үміттенеміз. Жалпы, 27 тамызда жақсы нәтиже тіркелуі тиіс.

Естеріңізге салайық, «ЭКСПО-2017» аясында өтетін ШЫҰ мен АӨСШК халықаралық марафоны 2017 жылдың 27 тамызында таңғы сағат 08:00-де басталады. Марафонның маршруты Астананың сол жағалауындағы басты көшелерді қамтиды. Спорттық шараға ШЫҰ мүше әрбір мемлекеттен жалпы 30 кәсіби спортшыны тарту көзделген.

Марафонға онлайн тіркелу үстіміздегі жылдың 15-ші шілдеде басталды. www.scomarathon2017.kz

ШЫҰ алғашқы марафоны 2016 жылы өткізілді. Оған төрт құрлықтан 15,6 мың адам қатысты. Марафон ШЫҰ құрылуына 15 жыл толуына орайластырылды. Аталған шара қарапайым қазақстандықтар үшін салауатты өмір салты, достық пен әріптестік белгісі іспеттес болмақ.   

Тізімге қайта оралу