XXVIII Ғ.Қосанов Мемориалы» халықаралық жарысы

Есептегіш

11

Күн
Алматы

Григорий Егоров: Түркияда дайындық жүргізу қолайлы

07.04.2018

91
Григорий Егоров: Түркияда дайындық жүргізу қолайлы

Жеңіл атлеткадан ұлттық құраманың бас бапкері Григорий Егоров қысқы маусымды қорытындылап, сәуір айында басталған оқу-жаттығу жиыны туралы kazathletics.kz тілшісіне айтып берді.

– Алдымен, биылғы қысқы маусымды қорытындылап өтсеңіз?

– Күнтізбені дұрыс жасағанның арқасында қысқы маусымда Қазақстан кубогы үш кезеңге жалғасты. Былтырғы жылы ересектер арасында екі ғана республикалық жарыс болған. Жабық кешендегі Қазақстан чемпионаты мен Ольга Рыпакованың жүлдесіне арналған халықаралық турнир. Ал был қаңтар мен ақпан 5 республикалық сайыс өтті. Осындай жарыстардың арқасында спортшы деңгейін көтеерді. Шеберлік, психологиялық тәжірибе, мінез, намыс дегеннің барлығы жарыс кезінде байқалады. Қазақстан кубогы бірнеше кезеңнен тұрғаны өте пайдалы деп ойлаймын. Біздің спортшылар өздерінің потенциалдарын көрсетуге қосымша мүмкіндік алды. Бұл атлеттерге тек спорттық тұрғыдан ғана емес, психологиялық жағынан да өз септігін тигізді деп ойлаймын.

– Бұған қандай нақты мысалды келтіре аласыз?

– Үлгі ретінде айтатын мысалдар жетерлік. Мен бір-екеуін атап өтейін. 16 ақпанда Қазақстан кубогының екінші кезеңінде Элина Михина 400 метрге жүгіруден Қазақстанның ұлттық рекордын жаңартты –52.53 секунд. Светлана Голендова екінші келді –52.76. Сөйтіп, екеуі де Бирмингемде жабық кешендегі әлем чемпионатының нормативін орындады. Наурыз айында әлем чемпионатына қатысып қайтты. 17 жастағы Анастасия Ермакова сырықпен секіруден 23 жасқа дейінгі Қазақстанның рекордын жаңартты (3.91 м). Никита Филиппов 5.50 метрге секірді. 19 жастағы Вячеслав Земс Қазақстан кубогында 60 метрге жүгіруден жеке рекордын жаңартты– 6.82.   

Жалпы алағанда, эксперимент сәтті шықты. Спортшылардың соңғы көрсеткен нәтижесі Қазақстан кубогын бірнеше кезең ретінде ұйымдастырудың дұрыс екенін көрсетіп отыр.

– Бирмингемдегі әлем чемпионатына 4х400 метрлік эстафетадан қыздар құрмаасы да қатысып қайтты. Алдағы додаларда бұл құрмадан үміт күтуге бола ма?

– Қысқы маусымдағы нәтижеге қарап, 400 метрлік эстафетадан қыздар құрамасына үлкен сенім артуға болатынын айта аламын. Енді оларды Джакартадағы Азия ойындарына дайындау керек. ақпан айының басында жабық кешендегі Азия чемпионатында Светлана Голендова, Аделина Ахметова, Виктория Зябкина, Элина Михина жүгірді. Ал әлем чемпионатында Зябкинаның орнына Любовь Ушакова барды. Зябкинаның жоқтығына қарамастан, қыздар осы маусымдағы үздік нәтижелерін көрсетті – – 3:40.54. 

– 1-21 сәуір аралығында ұлттық құрама Түркияның Белек қаласында оқу-жаттығу жиынын өткізеді. Бұл Азия ойындарына дайындық па?

– Жазғы маусымға дайындық жүргіземіз. Оқу-жаттығу жиынын өткізуге қолайлы деп Белекті таңдап алдық. Біздің атлеттерге бұл жер таңсық. Биылғы маусымда үш рет бардық. Оның екеуі былтыр қазан және қараша айларында өтті. Одан кейін наурызда жазғы маусымның дайындығы басталды. Белекте жоғары деңгейлі жаттығу жасау үшін барлығы қамтамасыз етілген. Инфрақұрлым заманауи стандартқа сай, жеңіл атлетика стадионы, жаттығу және спорт зал, бассейні бар. Медициналық процедуралар алуға да болады. Сондықтан бізге Белек қолайлы болып тұр. 

Тізімге қайта оралу