Жазғы Азия ойындары 2018

Есептегіш

15

Күн
Джакарта, Индонезия

Ирина Эктова: Өзге елде Қазақстанның әнұранын шырқау ерекше әсер сыйлайды

02.02.2018

Бек Төлеуов  
223
 Ирина Эктова: Өзге елде Қазақстанның әнұранын шырқау ерекше әсер сыйлайды

Иран астанасы Тегеран қаласында өтіп жатқан жабық кешендегі Азия чемпионатының алғашқы жарыс күнінде үш қарғып секіруден әйелдер арасында қазақстандық Ирина Эктова жеңіске жетті. Марапаттау рәсімі аяқталған соң, спортшыны аз-кем әңгімеге тартқан едік.

– Әрбір жарыстың өзіндік маңызы зор. Азия чемпионатының әсері мүлдем бөлек.  Өзге елде Қазақстанның әнұранын шырқап, еліннің туын көкке көтергенде ерекше әсерде боласың. Бұл сәттегі эмоцияны айтып жеткізу қиын.

– Бүгін, сіздің ең жоғары көрсеткіш – 13.79 метр болды...

– Бұл жалпы, жаман көрсеткіш емес. Сондай-ақ жоғары да нәтиже емес. Сол себепті бүгінгі көрсеткен өнеріме 4 деген баға қоямын.

– Биылғы жылдың алғашқы халықаралық жарысы сәтті басталды деп айтуға болатын шығар?

– Өскеменде Олимпиада чемпионы Ольга Рыпакованың жүлдесіне арналған халықаралық турнир өтті ғой (күлді). Ал Тегерандағы Азия чемпионатын 2018 жылдың сырт елдегі алғашқы халықаралық дода деуге боалтын шығар. Барлығы өте сәтті басталды, құдай қаласа әріқарай да осылай жалғаса берсе деп үміттенеміз.

– Тамыз айында жазғы Азия ойындары өтеді. Индонезия астанасындағы жарысқа қатысу жоспар да бар ма ?

– Әлбетте, биылғы жылдың ең басты жарысы ғой. Сондықтан жазғы Азия ойындарына тыңғылықты дайындалатын боламыз. Үш қарғып секіру – Қазақстандағы дамыған спорттың бір түрі. Бұл сайыс түрінен ұлттық құрамаға енудің өзі оңай емес. Олимпиада чемпионы Ольга Рыпаковадан бастап, Мария Овчинникова, Еквтерина Эктова, Дилара Әбуова секілді жоғары деңгейлі спортшылар көп. Бастысы, жатпай-тұрмай дайындалу керек.

– Азия чемпионаты өтіп жатқан «Афтаб Энгелаб» спорт кешені көңіліңізден шықты ма? Жарыстың атмосферасы қалай?

– Өзіміздің үйімізде жүргендей сезімдемін. Бәлкім, техникалық тұрғыдан үздік кешендердің қатарында емес шығар. Алайда барлығы өте ыңғайлы, артық ештеңесі жоқ. Өзіме ұнады. Қарағандының манежіне ұқсайды.

– Алдағы уақытта қандай жоспарларыңыз бар?

– Енді Азия чемпионатында ұзындыққа секіруден қатысамын. Жалпы, қысқы маусым аяқталған жоқ. Алда Қазақстан кубогының екінші кезеңі мен финалы бар. Барлығы жақсы болса, Түркиядағы оқу-жаттығу жиынына барамын. Мен әлі күнге біздің атлеттер дайындалып жүрген кешенде болған емеспін. Барлығы Белектегі базаны мақтап жатыр. Сол жерде дайындалуға деген құлшыныс жоғары. Одан кейін бұйырса жазғы маусымдағы жарыстарға қатысамыз.

– Қаңтар айында сіздің туған күніңіз болғанын білемін. Биыл қалай атап өттіңіз?

– Менің туған күнім –8 қаңтар. Биылғы жылы туған күнім – Өскемендегі оқу-жаттығу жиынының алғашқы күніне тап келді. Көптен бері меншікті жеке мерекемді құрама мүшелерімен бірге атап өтпеген едік. Биыл соның сәті түсті. Бала кезімде Қарағандыда дәл сол уақытта жарыстарға қатысуға барғанда балалармен бірге тойлайтынбыз.

–  Әңгімеңізге рахмет, алдағы жарыстарға сәттілік тілейміз!

Тізімге қайта оралу