Жас спортшылар Чехиядағы барады

09.04.2017

Бек Төлеуов  
146
Жас спортшылар Чехиядағы барады Диана мен Дана Айдосовалар

Чехияның курортты қаласы Подебрады қаласында спорттық жүрістен халықаралық жарыс өтеді. Оған қазақстандық спортшылар да қатысады.  Чехия жерінде спортшылардың дайындығы, алдыға қойған мақсаттары туралы құрама бапкері Елена Юдамен әңгімелескен болатынбыз.

Спорт шебері нормативін орындау – басты мақсат

– Подебрадаға жас спортшылар барады. Ерлер құрамасы сапынан Виталий Терехин мен Заманбек Бабабек 20 шақырымға жарысады. Бабабек алғаш рет осы қашықтықта бақ сынағалы тұр. Өткен жылы тек 10 шақырымда өнер көрсеткен.

Жігіттердің дайындығы жақсы. Осы жолы спорт шебері нормативін орындаса деген тілегіміз бар. Былтыр Терехинге 2 секунд жетпей қалған еді. Сондай-ақ жас спортшы қыз Валентина Залевская барады. Ол 5 шақырымдық сайыста сынға түседі. Валентина Таиландтағы жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатының нормативін орындауға тырысатын болады. Норматив дәл жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатының көрсеткішімен бірдей.

Біз ол жарыстан бас тартқанбыз. Себебі аталған біріншілік Кения жерінде өтеді. Наурызда Залевская Шымкенттегі Қазақстан чемпионатында бақ сынап, екінші орын алды.

– Жалпы, шәкірттеріңізге қандай мақсаттар қойып отырсыз?

– Жас өрендер алдымен спорт шебері нормативін орындау қажет. Өйткені биыл колледж бітіреді. Институтқа түсуі үшін нормативті орындаулары тиіс. Сонымен қатар мүмкіндігінше жеке көрсеткіштерін жаққсартуды ойластырып отырмыз.

Елена Юданың талантты шәкіртерінің бірі Диана Айдосова тамыз айында Лондонда өтетін жеңіл атлетикадан ересектер арасындағы әлем чемпионатының нормативін орындап қойған. Ал наурыз айының соңында ол Жапонияның Ном қаласында өткен Азия чемпионатына қатысты.

Айдосова әлем біріншілігіне дайындалады

Диана Айдосованың Азия чемпионатындағы нәтижесіне көңіліміз толмайды. Ол өзінің осыған дейінгі 1 сағ 35 минут 13 секундтық көрсеткішін төмендетіп алды.Жапонияда Диана 1 сағ 39 минутта жетті. Бір айта кетерлігі, өткен жылы Айдосова Олимпиададан кейін бірнеше жарыстарға қатысты.

Қытайдағы додаға барып, өзін жақсы жағынан көрсетті. Осындай қиын маусымнан кейін аздап шаршап, өзінің толық бабына келе алмады. Сондықтан Номидегі Азия чемпионаты аса сәтті бола қоймады. Енді әлем чемпионатына дайындаламыз. Лондонда жақсы нәтиже көрсетуіне бар күшті саламыз. Былтырғыдай көп жарыстарға қатыстырып, қинай бермейміз.

Айта кетейік, Подебрадағы спорттық жүрістен халықаралық сайыс дәстүрлі түрде барлық жас көрсеткіштері бойынша өтеді.


Тізімге қайта оралу