Марафоннан Азия чемпионаты

Есептегіш

7

Күн
Дунгань, Қытай

Михаил Красилов: Жаңа маусымға дайындықты қаңтарда бастадым

10.04.2017

Бек Төлеуов  
147
Михаил Красилов: Жаңа маусымға дайындықты қаңтарда бастадым Михаил Красилов. Фото vksport.kz

Қазақстандық марафоншы, Рио-де-Жанейро Олимпиадасының қатысушысы Михаил Красилов жаңа маусымға дайындықты бастап кетті. Наурыз айының соңында ол Шымкентте өткен Қазақстан чемпионатында жартылай марафон бойынша сынға түсіп, сенім түрде жеңіске жетті. Спортшы алдағы маусымға қалай дайындалып жатқанын әңгімелеп берді.

Шымкентте өткен Қазақстан чемпионатына өзімнің бабымды байқап көру үшін қатыстым. Барлығы жоспарланғандай болды. Тапсырманы орындадым. Ал қазір Душанбеде өтетін чемпионатқа дайындық жүріп жатыр. Бұл марафон 15 сәуірге жоспарланған. Сондай-ақ мамырда да бір марафон бар. Бірақ қайда өтетіні белгісіз. Негізінен Еуропа елдерінің бірінде болады деген. Әзірге жауап күтіп отырмын.

– Физикалық дайындығыңыз қалай?

– Шымкенттегі жартылай марафонды есепке алғанда физикалық дайындығым жақсы деп айтуға болады. Ал Душанбеде өзімнің нағыз спорттық бабыма келемін деп отырмын.

– Өткен жылы Олимпиада ойындарына қатыстыңыз. Одан кейін қалып келу оңай болмаған шығар?

– Олимпиада ойындарынан кейін ұзақ уақыт демалдым. Сосын Қытайдағы марафонға шақырды. Арасында жарақат алып, емделген сәттерде болды. Сондықтан дайындық ойдағыдай бола қоймай, нәтижесі де көңіл көншітпеді. Ал Қытайдағы марафоннан кейін тағы да тынығып алдым. Енді жаңа күшпен осы маусымға дайындықты бастап жатырмын. Мен биыл жаттығуды ерте бастадым. Қаңтар айынан бері жатытғып жүрмін. Жайлап өзімнің бабыма келе жатырмын.

– Сіз үшін биылғы ең басты жарыс қайсысы?

– Жоғарыда айтқанымдай мамырда бір марафонға қатысамын. Сол кезде Лондондағы әлем чемпионатына қатысу үшін норматив орындаймын деп үміттенемін. Егер мүмкіндік болса Универсиада ойындарына барғым келеді.

Айта кетейік, Михаил Красилов елішілік жарыстарда Жамбыл облысы атынан қатысып жүр. 2014 жылы дүниежүзілік кадеттер ойынының чемпионы атанған.

Тізімге қайта оралу