Марафоннан Азия чемпионаты

Есептегіш

3

Күн
Дунгань, Қытай

Ольга Рыпакова: «Altay Athletics» – Қазақстан жеңіл атлетикасының жаңа деңгейге көтерілуіне мүмкіндік береді

03.11.2017

66
Ольга Рыпакова: «Altay Athletics» – Қазақстан жеңіл атлетикасының жаңа деңгейге көтерілуіне мүмкіндік береді

Бүгін Шығыс Қазақстанда жеңіл атлетикадан алғашқы кәсіпқой клуб құрылды. Оның атауы – «Altay Athletics» деп аталады. Клуб құрамында жергілікті спортшы, Олимпиада чемпионы Ольга Рыпакова да бар. Үш қарғып секірудің шебері жаңадан құрылып жатқан клуб туралы өз ойымен бөлісті.

– Қазақстанда кәсіби жеңіл атлетика клубын құру идеясы өте керемет. Біз бұған дейін осындай мүмкіндіктің болғанын қаладық. Бүгін сол арманымызға жетіп отырмыз. Осы ретте облыс әкімі Даниал Ахметовке алғысым шексіз. Біздің клуб Қазақстандағы жеңіл атлетика спортын жаңа деңгейге көтеруге атсалысады деп ойлаймын. Сол кезде әлем еліміздің жеңіл атлетикасын танып, спортшыларын біле бастайтын болады. Жаңадан құрылып жатқан клубтан үлкен үміт күтемін. Қазақстан спортшыларының әлемдік ареналарда жоғары орындардан көрінгенін қалаймын. Мысалы, «Астана» велокомандасы өзінің жетістігімен еліміздің атынан шығарып жүр. «Altay Athletics» сондай деңгейге жетіп, халықаралық жарыстарда жоғары нәтижелерімен жанкүйерлерді қуантады деп ойлаймын.

– Жаңадан құрылып жатқан клубтың құрамына қабылдандыңыз. Енді келесі жылғы күнтізбелік жоспарыңыз қандай болмақ?

– Меніңше, өзіміз қатысқымыз келетін негізгі турнирлер өзгермейді деп ойлаймын. Келесі жылы әлем чемпионаты өтпейді, тек жабық кешендегі біріншілік бар. Сонымен «Гаухар лиганың» кезеңдерінде тек ғана Қазақстанның атынан ғана емес, «Altay Athletics» мүшесі ретінде де қатысамын.

Айта кетейік, Рыпаковадан бөлек, клуб құрамына болашағынан үлкен үміт күттіретін жас атлеттер Варвара Назарова мен Артур Гафнер бар. Сондай-ақ Кениядан 4 спортшы шақырылды (Шэдрак Кимутаи Коич, Каролин Чипкоич Кипкируи, Тануи Нора Джируто, Дэйзи Джипкемей.

Тізімге қайта оралу