Марафоннан Азия чемпионаты

Есептегіш

8

Күн
Дунгань, Қытай

Ольга Рыпакова: Барша қазақстандық жанкүйерлерді қуантуға барымызды саламыз

17.09.2017

192
Ольга Рыпакова: Барша қазақстандық жанкүйерлерді қуантуға барымызды саламыз

Бүгін Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Ашхабадта жауынгерлік өнер түрлері бойынша жабық кешенде өтетін V Азия ойындарына қатысып жатқан Қазақстанның спорт делегациясымен кездесті. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Кездесу барысында Қазақстан Президенті ұлттық құраманың дайындығымен танысып, Ашхабадқа спортшыларымызды қолдау үшін келгенін айтты.

– Мұнда ойындарға қатысып жатқан елдердің ең үздік спортшылары келіп отыр. Біздің құрамада да көптеген танымал чемпиондар бар, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Президентпен кездесуге жеңіл атлеттерден Ольга Рыпакова, Виктория Зябкина, Ольга Сафронова, Ирина Эктова, Иван Иванов және бас бапкер Григорий Егоров барды.

Спортшылардың атынан Лондон Олимпиадасының чемпионы және Пекин мен Рио-де-Жанейродағы Олимпиада ойындарының қола жүлдегері Ольга Рыпакова сөз сөйлеп, мемлекет басшысына алғыс айтты.   

– Жұмыс кестеңіздің тығыз екеніне қарамастан бізге қамқорлық пен қолдау көрсетіп жатқаныңыз үшін Сізге барлық спортшыларымыздың атынан зор алғысымызды айтуға рұқсат етіңіз. Сіз бізбен кездесіп әңгімелесуге, ақ тілегіңізді айтып, батаңызды беруге әрдайым уақыт табасыз. Біз өзімізді тек жақсы қырымыздан танытып, Сізді және барша қазақстандық жанкүйерлерді қуантуға барымызды саламыз, – деді Ольга Рыпакова.        

Соңында Мемлекет басшысы Қазақстандағы миллиондаған жанкүйерлер спортшыларымыздың табысты өнер көрсететініне сенімді екенін айтып, олардың жарысты сәтті бастап, айқын жеңіске жетуіне тілектестігін білдірді. 

Тізімге қайта оралу