Ольга Сафронова: Алдын-ала болжам жасағым келмейді

08.07.2017

Бек Төлеуов  
35
Ольга Сафронова: Алдын-ала болжам жасағым келмейді

Отандық жеңіл атлетика тарихындағы үздік спринтерлердің бірі Ольга Сафронова екені жасырын емес. Соңғы кездері атлет бұрынғы бабына толық ене алмай жүр. Дегенмен Қарағанды қаласының тумасы бүгінгі таңда Павлодар облысының намысын қорғап жүрген 7 шілде күні Бхубанешвардағы Азия чемпионатында 100 метрге жүгіруден күміс медаль жеңіп алды. Жарыстан кейін спортшымен аз-кем тілдескен едік.

– Ольга, 100 метрге жүгіруден Азия чемпионатының финалында көрсеткен өнеріңіз туралы не айтасыз?

– Виктория Зябкина екеуіміз тұғырдың ең жоғары сатысына көтерілгенімізге қуаныштымын. Біреуіміз алтын, біреуіміз күміс медаль жеңіп алдық. Әрине, өзіме аздап өзіме көңілім толмай тұр (күлді). Жалпы, ешқашан өзім көңілім толмаған. Бәлкім, әлі де кемшіліктермен жұмыс істей алмай жатқан шығармын. Бүгін жаңбырдың да әсері болды. Шынын айтқанда, мен өте қуаншытымын әрі көңілім толды (жымиды).

– Жартылай финалдың алдында тағы да үндістандық Дьюти Чандпен бір топта жүгіретіңізді естігенде не ойладыңыз?

  – Мен бұған салмақты қарадым. Тағы да Чандпен бірге жүгіретінімді білдім. Өйткені, алдын-ала ұсынылған хаттамада менің көрсеткішім үшінші болатын. Бірінші – Виктория, екінші – Чанд, үшінші мен едім. Ал Зябкина екеуіміз бір елден болған соң, үндістандықпен жарысатыным түсінікті. Оған дайын болдым. Өзімді өте салмақты ұстадым. Менің ең басты қарсыласым – өзім. Сондықтан өзіммен күресемін. Ал қасымда кім жүгіреді, оған қатты мән бере қоймаймын.

  – Сонда өз өзіңізді қалай жеңесіз?

– Бұл енді құпия болып қалсын. Негізінен өзімді қайрап, стартқа шығуға дайындаймын.

– 100 метрге жүгірудің финалы артта қалды. Енді жоспар қандай?

– Эстафетада жақсы нәтиже көрсету тырысамыз. Сосын 200 метр бар. Осы жеңістің әсерімен сәтті өнер көрсетсек деп ойлаймын.

 – Азия чемпионатында 200 метрде қандай нәтижеге талпынасыз?

– Әзірге ештеңе айтқым келмейді. Оның бәрі іріктеу сайыстарына байланысты. Алдын-ала болжам жасаған дұрыс емес. Шынын айтсам, соңғы бірнеше жарыста әлем чемпионатының нормативін орындауға бірнеше рет талпынып көрдім (норматив – 23.10 сек). Бірақ санаулы секундтар  ғана жетпей қалып жатты. Енді қазір бапкерімнің барлық тапсырмасын орындап, қателіктен сабақ шығару қажет. Сондықтан алдын-ала болжам жасағым келмейді.

Тізімге қайта оралу