Марафоннан Азия чемпионаты

Есептегіш

7

Күн
Дунгань, Қытай

Ольга Сафронова: Азия чемпионатында аздап қобалжу болды

12.07.2017

Бек Төлеуов  
170
 Ольга Сафронова: Азия чемпионатында аздап қобалжу болды

Үндістанның Бхуванешвар қаласында өткен XXII Азия чемпионатында қазақстандық спринтер Олга Сафронова медальдың барлық түрін жеңіп алды. Кеше спортшы Ню-Дели – Алматы арқылы елге оралды. Әуежайда атлетті күтіп алып, аз-кем сұхбаттасқан болатынбыз.

– Азия чемпионатында медальдың барлық түрін жинақтадыңыз. Бірақ әлем чемпионатының нормативін орындай алмағаңызға өкінген шығарсыз?

–  Әрине, 200 метрде Лондондағы әлем чемпионатының нормативін орындауға барған едім. Бірақ бұл жолы да болмады. Дегенмен 100 метрде күміс, 200 метрде қола, эстафетада алтын жеңіп алғаныма қуаныштымын.

– Толық мүмкіндігіңізді көрсетуге ауа-райы кедергі келтірді ме?

– Үндістанда күн ыстық. Оның үстіне бұл Азия чемпионаты. Аздап қобалжу болды.  

– Енді әлем чемпионатының нормативін орындауға мүмкіндік беретін жарыстар бар ма?

– Келіп жатқан бетіміз осы. Жеке бапкеріммен ақылдасып көремін. Егер ондай жарыстар болып жатса, қатысып қалуымыз да мүмкін. Болмаса дайындықты жалғастыра береміз.

– Азия чемпионатындағы бәсекелестік қалай бағалайсыз?

– Азия чемпионатында құрлықтағы үздік атлет қыздардың көбісі болмады. Неге екенін білмедім. Бәлкім әлем чемпионатына дайындалып жатқан шығар.

– Эстафетада Қытайдың негізгі құрамасы келді ме?

– Жоқ екінші құрамын жіберген. Көктемде эстафетадан өткен әлем чемпионатында қола жүлде еншілеген команданың мүшелері жүгірмеді.

– Азия чемпионы ретінде эстафетадан қыздар құрамасы әлем чемпионатына қатысады деп естідік.

– Менде солай естідім. Барлығы алдағы күні толық шешіледі. Әлем чемпионатынан кейін бүкіләлемдік Универсиада, жабық кешендегі Азия ойындары бар. Маусым әлі аяқталған жоқ. 

Тізімге қайта оралу