Марафоннан Азия чемпионаты

Есептегіш

7

Күн
Дунгань, Қытай

Ольга Сафронова: Азия Гран-приінде жақсы нәтиже көрсетуді жоспарлап отырмын

21.04.2017

186
Ольга Сафронова: Азия Гран-приінде жақсы нәтиже көрсетуді жоспарлап отырмын Ольга Сафронова

Инчохнда өткенАзия ойындарының чемпионы Ольга Сафронова жеңіл атлетика федерациясының ресми сайтына алдағы жоспары туралы айтып берді.

Еліміздің үздік жеңіл атлеттері 2-19 сәуір аралығында Түркияның Анталья қаласында жаттықты. Олардың арасында қысқа қашықтыққа жүгіретін Ольга Сафронова да болды.

– Көңіл күй керемет. Бұған дейін Қырғызстанның Ыстықкөл аймағында жаттыққанбыз. Бұл жолы Антальяда дайындалдық. Жайлап спорттық бабыма еніп келемін. Өзімді жайлы сезінемін. Денсаулығым да жақсы. Құдайға шүкір, ескі жарақатым мазаламайды.

– Биылғы жылы қандай жарыстарға қатысатыңызды жоспарлап қойған шығарсыз?

– Әуелі Лондонда өтетін әлем чемпионатының нормативін орындау аса маңызды. Сондай-ақ Ашғабадтағы жабық кешендегі Азия ойындары бар. Ең бірінші жарысымыз – 22 сәуірде басталады. Қытайдағы Азия Гран-приіне қатысамыз. Бапкерім екеуіміз осы Гран-приде жақсы нәтиже көрсетуді жоспарлап отырмыз. Бұл жақын күндердегі жоспарымыз. Қалғанын уақытында көреміз. Біз бүгінгі күнмен өмір сүреміз. Бастысы, жайлап көрсеткішімді жақсарту.

Айта кетейік, еліміздің 37 үздік жеңіл атлеті 2 сәуірден бері Түркияның Анталья қаласында жаттығу жасады. Олардың арасында тек үш қарғып секіруші Ольга Рыпакова ғана болмады. Оқу-жаттығу жиындары аяқталған соң, кейбір спортшылар Қытайға аттанады. Ал Азия Гран-приі 22 сәуірде басталады.

Тізімге қайта оралу