Шадрак Коеч – Қосанов мемориалында да Өскемен атынан жарысамын

16.06.2017

47
Шадрак Коеч – Қосанов мемориалында да Өскемен атынан жарысамын Шадрак Коеч – Қосанов мемориалында да Өскемен атынан жарысамын

Жеңіл атлетикадан Алматыда өткен ел чемпионатында 5000 метрде кениялық 17 жасар желаяқ Шадрак Коеч қазақстандық тәжірибелі атлеттерді шаңға көптіріп, мәре сызығын бірінші болып қиған. Чемпионаттан кейін кениялықпен тілдесіп, аз-кем сұхбаттасқан едік.

– Шадрак, Қазақстан чемпионатынан кейінгі көңіл күйіңіз қалай?

– Мен мұнда жеңіс үшін келгенмін. Мақсатыма жеткеніме қуаныштымын. Әлбетте, Қазақстанда да жүйріктер аз емес екен. Дегенмен, мен бар жылдамдығымды іске қосқан жоқпын. Еркін жүгірдім.

– Қазақстанға қалай келіп қалдыңыз?

– Негізі мені Өскемен жеңіл атлетика федерациясы шақырған. Басқа елдегі жағдай қызық болып, бірден келісімімді бердім. Өскемен маған ұнады. Әдемі қала екен. Ал алда қалай боларын кейінірек көре жатармыз.

– Енді алдағы жоспарларыңыз қандай?

– Маусымның 24-і мен 25-і күндері Алматыда Ғұсман Қосанов мемориалы өтеді екен. Сол турнирге де қатысуды жоспарлап отырмыз. Ол жерде бұдан да жоғары нәтижеге қол жеткізсем деймін. Ал жалпы алдағы болашағым туралы айта алмаймын. Жарыс жолағына шығып, бәсекелестерімнен алды болып жүрсем болғаны.

Тізімге қайта оралу