XXVIII Ғ.Қосанов Мемориалы» халықаралық жарысы

Есептегіш

11

Күн
Алматы

Светлана Голендова: Өмірлік сергімді таңдауда жолым болды деп айта аламын

25.12.2017

Бек Төлеуов  
244
Светлана Голендова: Өмірлік сергімді таңдауда жолым болды деп айта аламын

Осыған дейін 100 және 200 метрге жүгірумен айналысқан 24 жастағы жамбылдық атлет Светлана Голендова алдағы маусымда 400 метрге жүгіруді жоспалап отыр. Бұл туралы спортшы kazathletics.kz тілшісіне берген сұхбатында айтты.

– Светлана, 2017 жылдың тарих қойнауына кетуіне де аз уақыт қалды. Еліміздің атлеттері биылғы жылы халықаралық додалардан бірнеше жүлде жеңіп алды. Өзіңіз осы жылғы көрсеткен өнеріңізді қалай бағалайсыз?

– Маусым шынымен де қиын әрі қызықты өтті. Көптеген жарыстарға қатыстық, оның ішінде жоғары нәтижеге қол жеткізген және сәтсіз болғандары да бар. Мен үшін ең бағалысы, құрамадағы әріптестеріммен құрлық біріншілігінде эстафетадан алтын алуымыз. Маусым аяқталған соң, жеке баперіміз Любовь Никитенкомен бірге биылғы нәтижемізді саралап, келесі жылға жоспар құрып қойдық.

– Биылғы жылы қатысқан жарыстардың қайсысы ерекше есте қалды?

– Барлық жарыс көз алдымда, ешқайсысын ұмытқаным жоқ. Әсіресе, пайдалы тәжірибе жинаған жарыстарды айтар едім. Бұл тұрғыдан алғанда біздің қыздардан құралған 4х100 метрлік эстафеталық командамызды мысалға келтіруге болады. маусым бойы жоғары нәтиже көрсеттік, кемшіліктеріміз де бар. Жылдың ең басты жарысы – Лондондағы әлем чемпионатында психологиялық тұрғыдан дайын болмай, болмашы қателіктер жібердік.


– Жаңа маусымға дайындық басталып кетті. 2018 жылы алдыңызға қандай мақсат қойып отырсыз?

– Біздің қысқы маусым қаңтар айында басталады. Жылдың алғашқы айында Қазақстан кубогы, ел чемпионаты және Ольга Рыпакова жүлдесіне арналған халықаралық турнир өтеді. Осыдан кейін ақпан айында жабық кешендегі Азия чемпионатына барамыз. Осы орайда айта кетейін, жаңа маусымда 400 метрге жүгіруді жоспарлап отырмын. Бұл дистанция бойынша негізі аздаған тәжірибем бар. Әрине, жағдайға байланысты көреміз. Егер наурызда Бирмингемде өтетін әлем чемпионатына жолым түсіп жатса, қуанар едім. Бірақ нормативті орындау оңай емес. Ал жазда басты жарыс – Индонезияда өтетін Азия ойындары.

– Қазіргі кезде еліміздегі танымал жеңіл атлеттердің бірісіз. Жалпы, спорттық жолыңыз қалай басталды?

– Бала кезден жүгіруді жақсы көретінім есте қалыпты. Мектепте оқып жүргенде жарыстарға қатысқан ұнайтын. Уақыт өте келе жеңіл атлетика үйірмесіне де жазылдым. Бірақ Қордайда жоғары деңгейде айналысуға мүмкіндік жоқ-тын. Алғашында аудандық, облыстық турнирлерге қатысып жүрдім. Сосын жасөспірімдер арасындағы республикалық додада жеңіске жеткенде өзімді керемет сезіндім. Осыдан соң кәсіби спортшы болуға біржола бекіндім.

– Жарыңыз Илья Голендовтың да спортшы екенін білеміз? Екеуіңіз бір-біріңізбен кәсіби түрде кеңесіп отырасыздар ма?

– Өмірлік сергімді таңдауда жолым болды деп айта аламын. Илья мені жақсы түсінеді, әрдайым қолдап отырады. Екеуіміз де бір кемедеміз. Сондықтан спорт, оқу-жаттығу жииыны дегендерді жақсы түсінемін. Психологиялық тұрғыдан бір-бірімізді қолдап отырамыз. Негізі екеуіміз екі түрлі спорттың өкіліміз ғой.

Тізімге қайта оралу