Марафоннан Азия чемпионаты

Есептегіш

6

Күн
Дунгань, Қытай

Варвара Назарова: Altay Athltics – жеңіл атлетика спортын дамытуға арналған тағы бір қадам

06.11.2017

86
Варвара Назарова: Altay Athltics – жеңіл атлетика спортын дамытуға арналған тағы бір қадам

Елімізде құрылған алғашқы кәсби жеңіл атлетика клубы «Алтай Атлетикстің» қатарына 20 жастағы найза лақтырушы Варвара Назарова да қабылданған болатын. Жақында спортшыдан клуб жайлы әңгімелестік. Сондай-ақ 2017 жылғы маусымды қорытындылауды да ұмытпадық.

– Елімізде осындай клубтың құрылғанына қуаныштымын. Бұған дейін мұндай мүмкіндік болған жоқ. Жеңіл атлетика спортын дамытуға арналған тағы бір құптарлық қадам деп ойлаймын. Altay Athletics сапында өнер көрсетуге шақырғаны мен үшін үлкен құрмет. Барлығы да жаңадан басталып жатқан соң қызық. Енді бізде көптеген жарыстарға қатысуға мүмкіндік болады.

– Жеңіл атлетика клубтары туралы сөз қозғағанда көбісі, Швейцарияның Цюрихін айтып жатады. Altay Athletics сондай деңгейге жете ала ма?

– Біздің клубтың басшылары бұл бағытта жұмыс істейді деп ойлаймын. Әрине, сондай деңгей жетеді деп үміттенеміз. Барлығын уақыт көрсетеді ғой.

– Биылғы маусым сен үшін аса сәтті болды деп айта алмаймыз...

–Өзімнің де биылғы маусымдағы өнеріме көңілім толмайды. Өйткені арқамнан алған жарақат болды. Соның салдарынан Тайпэйде өткен Универсиада ойындарында жақсы нәтиже көрсете алмадым. Енді жаңа маусымда жеке рекордымды жаңартып, ірі турнирлерде мүмкіндігінше жоғары нәтиже көрсетуге тырысамын.

Найза лақтыру – жеңіл атлетиканың қиын сайыстарының бірі. Таңдауыңызға не себеп болды. Таңдауыңыз неліктен осы бағдарламаға түсті?

– Менде аса қатты таңдауда болған жоқ. Өйткені анам Татьяна Назарова жеңіл атлетикадан Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы. Стадионда соның қасында жүріп өстім. Сондықтан менде осы саладан алыстаған жоқпын. Алғашқы қатысқан жарыстарымнан-ақ үздіктер қатарынан көріндім.

Айта кетейік, Варвара өткен жылы мамырда жасөспірімдер арасындағы Орталық Азия елдерінің спортшылары қатысқан халықаралық турнирде Светлана Казанинаның рекордын жаңартты. Сосын маусым айында жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатының өзінің рекордына өзгеріс енгізді. Қазіргі кезде бұл рекорд – 52,76 метр.

Тізімге қайта оралу