Марафоннан Азия чемпионаты

Есептегіш

7

Күн
Дунгань, Қытай

Владислав Григорьев: Азия чемпионатында үздік үштіктен көрінуге тырысамын

23.05.2017

Бек Төлеуов  
197
Владислав Григорьев: Азия чемпионатында үздік үштіктен көрінуге тырысамын Владислав Григорьев. Фото Эдуард Гавриш

Алматыда өткен Қазақстан кубогының ерлер арасындағы 100 және 200 метрге жүгіру сайысында күтпеген жерден қарағандылық Владислав Григорьев жеңіске жеткен болатын. Ол сондай-ақ командаластарымен бірге Қарағанды облысына 4 х100 эстафетада да алтын сыйлады. 20 жастағы атлет жарыстың алғашқы күнінде, тіпті, 100 метрді 10, 26 секундта жүгіріп өтті.

Сөйтіп, Владислав өзінің жеке рекордын жаңартып ғана қоймай, Үндістанда өтетін Азия чемпионатының нормативін орындады. Сайыстан кейін біздің порталдың тілшісі спортшымен аз-кем сұхбаттасқан болатын.

–Владислав, Қазақстан кубогында өзіңді жақсы қырыннан көрсеттің. Спорт мамандары да жоғары баға беріп жатыр. Алматыға жоғары дайындықпен келгенің байқалып тұр.

– Шынымды айтсам, өзімде екі күнде көрсеткен нәтижеме таңқалып тұрмын. Күн ыстық, сайысқа түсу оңай болмады. Әсіресе екінші күні. Біз 200 метрге жүгіргенде қиынға соқты. Іріктеу кезеңінде 20,89 секунд жүгірсем, финалда бұл қашықтықты 20,58 секундта бағындырдым. Ал 100 метрде барлығы керемет өтті. Былтырғы жылы менің ең үздік көрсеткішім 200 метрде 21,00 секунд, 100 метрде 10,63 секунд еді. Бір жылдың ішінде осындай прогресс болғанына қуаныштымын. Оның үстіне екі қашықтық бойынша да халықаралық дәрежедегі спорт шебері нормативін орындадым.

– Өзіңе осы екі қашықтықтың қайсысында жүгірген қолайлы?

– Әрине 200 метрге жүгірген ыңғайлы. Өзімді осы қашықтықта жайлы сезінемін. Стартқа шыққанда қобалжи қоймаймын. Артық ештеңе ойламауға тырысамын. Ал 100 метрге жүгіру сәл қиындау. Дистанция қысқа болғандықтан болса керек, қобалжу байқалады. Жалпы екі қашықтықта да бар күшімді салып жүгіремін.

– Қазақстан кубогындағы жеңісің Үндістанда өтетін Азия чемпионатына қатысатын қатысатын құрама қатарына кіруге мүмкіндік сыйлады. Бұл жарыста өзіңе қандай мақсат қойып отырсың?

– Құрлық біріншілігінде бірінші кезекте финалға шығып, сосын үздік үштіктен көрінсем деп отырмын. Азия чемпионатына дайындықты бастап кеттік. Маусым айында Алматыда Қазақстан чемпионаты өтеді. Ел біріншілігінде тамыз айында Лондонда өтетін әлем чемпионатының нормативін орындау. Өздеріңіз білесіздер, әлем чемпионатына қатысу үшін 100 метрді 10,12, 200 метрді 20,44 секундта жүгіру керек. Осы нормативті орындасам жақсы болар еді.

– Енді жеке өзіңе ойыссақ. Жеңіл атлетикаға қашан келдің?

– Бала кезімде бірнеше жыл шаңғы спортымен айналысып көргенмін. Бірақ аса қатты нәтиже бола қойған жоқ. Кейіннен жеңіл атлетикаға келдім. Оның ішінде де бірнеше түрінен өзімнің бағымды сынадым. Ұзындыққа секірдім, ядро серпідім. Жалпы айтқанда көпсайысшы болдым. Бірақ кейінен толықта йспринтерлікке көштім. Нәтиже де өздігінен келе бастады. Бұл даму әріқарай жалғасады деп үміттенемін.

– Қарағандыда жеңіл атлетикадан білікті мамандар көп екенін білеміз. Қазіргі кезде қай бапкерлерден тәлім алып жүрсің?

– Елена Земс пен Николай Барсанов секілді білікті, тәжірибелі мамандар өз білгендерің үйретіп жүр. Екеуі де өз ісінің шебері. Жұмыстарын жан тәнімен беріліп істейді. Қазақ спортына үлкен үлес қосып жүрген жандар. Бұл кісілердің жаттығу процестері өзе қызықты, ерекше. Спортшының техникалық жағынан шындалуына, психолиялық тұрғыда мықты болуы үшін аянып қалмайды. Бапкерлеріме алғыс білдіремін.

– Спорттан өзге қандай хоббиің бар?

– Менде негізі барлығы спортпен тығыз байланысты. Басқасына уақыт бола бермейді. Белтемірге  (турник) тартылған ұнайды. Музыка тыңдағанды жақсы көремін. Жаттығудан келгеннен кейін жаныма тыныштық сыйлайтын музыкаларды тыңдаймын.

Тізімге қайта оралу