WR NR

Ольга Рыпакова

Бойы

183

Салмағы

62

Аймағы

UKO

Бағдарламасы

Үш қарғып секіру

Жеке бапкері

Сергей Дмитриевич Алексеев

Спорттық атағы

Халықаралық дәрежедегі спорт шебері

Личный рекорд

Результат Место проведения Дисциплина Ранк
15.25 Сплит, Хорватия
Тройной прыжок AR

Лучший результат 2016 года

Результат Место проведения Дисциплина Ранк
14.74
Рио, Бразилия
Тройной прыжок
-

Личный рекорд

Результат Место проведения Дисциплина Ранк
15.14 Доха, Катар
Тройной прыжок AR

Лучший результат 2016 года

Результат Место проведения Дисциплина Ранк
14.32
Доха, Катар
Тройной прыжок
-

Медаль Соревнование Место проведения Год Дисциплина
бронза
Олимпийские игры 2008
Пекин, Китай 2008 тройной прыжок
золото
Олимпийские игры 2012 Лондон, Великобритания 2012 тройной прыжок
бронза Олимпийские игры 20126 Рио де Жанейро 2016 тройной прыжок
серебро Чемпионат мира Тэгу, Япония 2011 тройной прыжок
бронза Чемпионат мира Пекин, Китай 2015 тройной прыжок
золото Чемпионат мира в помещении Доха, Катарй 2010 тройной прыжок
серебро Чемпионат мира в помещении Стамбул, Турция 2012 тройной прыжок
золото Континентальный кубок Сплит, Хорватия 2010 тройной прыжок
золото
Азиатские игры Доха, Катар 2006 семиборье
золото
Азиатские игры Гуанчжоу, Китай 2010 тройной прыжок
золото
Азиатские игры Инчхон, Корея 2014 тройной прыжок


  • Ольга Рыпакова – Қазақстан спортының тарихындағы ең танымал жеңіл атлет. 2012 жылғы Лондондағы дүбірлі доданың алтынын қосқанда үш қарғып секіруден үш Олимпиада ойындарының жүлдегері. 2006, 2010 және 2014 жылғы Азия ойындарының жеңімпазы. Екі әлем чемпионатында тұғырдан көрініп, жабық кешендегі әлем чемпионатында бас жүлдені жеңіп алған.
  • Ольга Рыпакова – үш қарғып секіруден үш Олимпиада ойындарына қатысып қана қоймаған, жүлделі орындардан да көрінген. 2016 жылғы Рио де-Жанейро Олимпиадасында қолаға қол жеткізсе, 2012 жылғы Лондон Олимпиадасында алтынмен апталған. 2008 жылғы Бейжің додасында Рыпакова жүлделі орындарға бір қадам жетпей, төртінші орыннан көрінген болатын. Алайда, арада сегіз жыл өткенде, яғни 2016 жылы Бейжің бәсекесінің қола жүлдегері грек Хрисопия Деветци допингпен ұсталды. Ал 2017 жылдың басында күміс медальдің иегері ресейлік Татьяна Лебедева да күмістен айрылды. Бірақ, әзірге IAAF (Жеңіл атлетика федерациясының халықаралық қауымдастығы) сайтында Рыпакова Бейжің Олимпиадасының қола жүлдегері ретінде көрсетіліп тұр.
  • Қазақстанда Ольга Рыпакованың 2012 жылғы Лондон Олимпиадасындағы жеңісіне арналған арнайы марка шығарылды. Сондай-ақ, өскемендік атлет ең жоғарғы мемлекеттік награда екінші дәрежелі «Барыс» орденімен марапатталды. 2016 жылғы Олимпиада ойындарындағы қола медалі үшін «Парасат» орденімен марапатталған. Бұдан бөлек, «Құрмет» орденінің иегері.
  • 2016 жылғы Рио де-Жанейро Олимпиадасынан кейін жүлдегерлермен кездескен Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев қола жүлдегер Ольга Рыпакова жайлы жылы пікірін білдіріп, былай деді:
    - Жеңіл атлетикадан үшінші орынды иеленіп, шыңдардың бірін бағындырған Ольга Рыпакованың жетістігін жеке айтып өткім келеді. Ольганың «қоласы» «алтынға» татиды. Лондон мен Рио Олимпиадалары арасында ол ұл босанып, қазір соны тәрбиелеп отыр. Екі бала тәрбиелеуде. Соған қарамастан спорттық формасын сақтап қалды. Бұл үлкен ерлік! Біріншіден – ана, екіншіден – батыр.
  • Ольга Рыпакова Өскеменде дүниеге келіп, бүгінге дейін өз аймағына адалдығын сақтап жүр. Шығыс Қазақстан облысының намысын қорғайтынын меңзеп отырмыз. Спортшы ретіндегі алғашқы жетістігіне бала кезінде қыз кезіндегі Алексеева тегімен қол жеткізген. Ольганы әкесі Сергей Алексеев жаттықтырады.
  • Үш қарғып секіруден болашақ Олимпиада чемпионы жасөспірімдер сапында өнер көрсетіп жүргенде-ақ келешегінен мол үміт күттіретін спортшы болған. Құрамына тосқауылдар арқылы 100 метрге жүгіру, биіктікке секіру, ядро серпу, 200 және 800 метрге жүгіру, ұзындыққа секіру және найза лақтыру сынды бағдарламалар кіретін жетісайыстан еліміздің негізгі атлеттерінің бірі болған. 2006 жылы өзінің бірінші Азия ойындарында жетісайыстан алтын алып, ұзындыққа секіруден қолаға қол жеткізген.
  • Жетісайыс пен ұзындыққа секірудегі жетістіктеріне қарамастан Рыпакова мен оның жеке жаттықтырушысы Сергей Алексеев жеңіл атлетиканың үш қарғып секіру бағдарламасына басымдық беруді жөн көрді. Әлбетте, бас кезінде көбі олардың бұл шешімін құптай қоймаған. Алайда Рыпакованың халықаралық аренадағы жетістіктері бұл шешімнің дұрыстығын дәлелдеді. Ал үш қарғып секірудегі алғашқы ірі жеңісіне Ольга 2007 жылғы Иорданияда өткен Азия чемпионатында қол жеткізіп, алтын медальді иеленді.
  • Ольганың ең алысқа секіргені 2010 жыл еді. Сол жылдың 4 қыркүйегінде Хорватияның Сплит қаласында өткен халықаралық турнирде 15 метр 25 сантиметрге секірген. Бұл жетістік әлі күнге дейін Қазақстан және Азия рекорды ретінде тіркеліп тұр.
  • Ұзақ жылдар бойы Рыпакова үш қарғып секіру мен ұзындыққа секіру бағдарламаларын қатар алып жүрді. Ол ұзындыққа секіруден Бейжің Олимпиадасына қатысқан, 2007 жылғы Азия чемпионы. 2010 жылғы Азия ойындарының күміс жүлдегері. 2007 жылы Бангкоктегі бәсекеде 6,85 метрге секіріп, ұзындыққа секіруден жеке рекордын жасаған.
  • Рыпакова 2011 жылы Дэгуде әлем чемпионатында күміспен күптеліп, 2015 жылы Бейжіңдегі дүниежүзілік бәсекеде қолаға қол жеткізген. Үш рет жабық кешендегі әлем чемпионатында жүлдегер атанған – 2010 жылы Дохада алтын, 2012 жылы Стамбулда күміс және 2008 жылы Валенсияда қола.
  • Үш рет Азия ойындарында алтынмен апталды – 2006 жылы Дохада жетісайыстан, 2010 жылы Гуанжоуда үш қарғып секіруден, 2014 жылы Инчхонда тағы да үш қарғып секіруден. Екі рет Азия ойындарында ұзындыққа секіруден жүлде алды – 2006 жылы қолаға қол жеткізсе, 2010 жылы күміспен күптелді. Сондай-ақ, үш рет Азия чемпионаттарында бас жүлдеге қол жеткізді – 2007 жылы ұзындыққа секіруден және үш қарғып секіруден және 2009 жылы тағы да үш қарғып секіруден. Бұдан кейін ол құрлықтық додаларға қатысқан жоқ.
  • 2014 жылдың наурыз айында Өскеменде салтанатты түрде заманауи жеңіл атлетика манежі ашылып, оған Олимпиада чемпионы Ольга Рыпакованы аты берілді. Мұнда балалалар жарысынан бастап, ересектер арасындағы барлық қысқы республикалық додалар өтеді. Сондай-ақ, 2015 жылдан бастап аталмыш спорт кешенінде Ольга Рыпакованың жүлделеріне арналған халықаралық жарыс өткізіліп келеді.
  • Еңбек сіңірген спорт шебері атағынан бөлек, Ольга Рыпакованың басқа да даңқтары жетерлік. Мәселен, 2016 жылы ол Шығыс Қазақстан облысының құрметті азаматы атанды. Сол жылы оған Қазақстан Республикасы Қарулы күштерінің майор атағы берілді. Ішкі біріншіліктерде Ольга ЦСКА, яғни Қорғаныс министрлігі әскерінің орталық спорт комитетінің намысын қорғайды.
  • Күйеуі Денис Рыпаков та бұын жеңіл атлетикамен шұғылданған. Ол 2003 жылы Оңтүстік Кореяның Дэгу қаласында өткен дүниежүзілік Универсиада ойындарында 400 метрге жүгіруден күміс жүлденің иегері. Қазір Шығыс Қазақстан облыстық жеңіл атлетика федерациясының жетекшісі, әрі Ольга Рыпакова атындағы жеңіл атлетика орталығының директоры. Денис пен Ольга екі бала тәрбиелеуде. Қызы Анастасия 2004 жылы туған болса, ұлы Кириллді Рыпакова 2013 жылы босанған.

Тізімге қайта оралу