Айгерим Шыназбекова

Бойы

173

Салмағы

65

Аймағы

ALA

Бағдарламасы

60 метрге тосқауылдар арқылы жүгіру, 100 метрге тосқауылдар арқылы жүгіру

Жеке бапкері

Любовь Ивановна Никитенко

Спорттық атағы

Спорт шебері

Жеке рекорды

Көрсеткіш Өтетін орны Бағдарлама Ранк
12.98
Алматы 100 метрге тосқауылдар арқылы жүгіру -

Үздік көрсеткіші 2016

Көрсеткіш Өтетін орны Бағдарлама Ранк
12.98
Алматы 100 метрге тосқауылдар арқылы жүгіру -

Жеке рекорды

Көрсеткіш Өтетін орны Дисциплина Ранк
8.24 Өскемен
  60 метрге тосқауылдар арқылы жүгіру -

Лучший результат 2016

Көрсеткіш Өтетін орны Бағдарлама Ранк
8.24
Өскемен   60 метрге тосқауылдар арқылы жүгіру -

Медаль Соревнование Место проведения Год Дисциплина
Серебро
Чемпионат РК
Алматы
2016
100 м с барьерами
Золото
Зимний Чемпионат РК
Усть-Каменогорск
2017
60 м с барьерами
Золото
Международные Соревнования На призы Ольги Рыпаковой
Усть-Каменогорск 2017 60 м с барьерами
Золото
II этап Гран При Азии
Цзясин, Китай 2017
100 м с барьерами

  • Әйгерім Кентау қаласының қызы. Бірақ қазір отбасымен Алматы қаласында тұрады.
  • Спорттық карьерасы Алматы қаласындағы Қаркен Ахметов атындағы спортқа дарынды балаларға арналған мектеп интернатта басталды. Ол жақта Юрий Юхименконың қарамағында жаттықты.
  • Мектепті бітірген соң елімізге әйгілі мамандар Владимир және Любовь Никитенколардың қолына өтті. Айта кетейік, бұл мамандар спринт және тосқауылдар арқылы жүгіруден жаттықтырады. Олардың ең әйгілі шәкірттері – 4х100 метрлік эстафеталық жарыста КСРО құрамасымен бірге 1988 жылғы Олимпиада чемпионы атанған Виталий Савин мен 100 метрге кедергілер арқылы жүгіруден Сидней Олимпиадасының чемпионы болған Ольга Шишигина. Владимир Иванович дүние салғалы бері Әйгерім Никитенко Владимир Ивановнаның тобында жаттығып жүр.
  • Шыназбекова 100 метрге тосқауылдар арқылы жүгіруден Азияның үздік желаяқтарының қатарына кіреді. Мәселен, 2016 жылы 12,98 секундтық көрсеткішімен Әйгерім Азия рейтингінде екінші орыннан көрінді.
  • Әйгерімнің спорттық арманы – Олимпиада ойындарына қатысып, жоғары орындардан көріну: «Мен таңдаған бағдарламалар бойынша әлемде бәсекелестік өте күшті екенін түсінемін. Дегенмен, алға ұмтылу керек. Әлем бойынша ТОП-10 желаяқтың қатарына кірсем керемет болар еді», - дейді аруымыздың өзі.
  • Шыназбекова жеңіл атлетикадан Қазақстан ұлттық құрамасының мүшесі. Елішілік, республикалық, халықаралық жарыстардағы жетістіктері жетерлік. Ел чемпионаты, Қазақстан кубогы, Жабық кешендегі ел біріншілігі сынды жарыстардың барлығында топ жарған.

  • Жеке жаттықтырушысы Любовь Никитенконың айтуынша, шәкіртіні «жұлдыз ауруынан» ада: «Әйгерім – өнегелі отбасыдан шыққан. Тәрбие көрген қыз. Сондықтан, ешқашан жұлдыз ауруына шалдығады деп ойламаймын», - дейді Любовь Ивановна.
  • 2017 жылы Әйгерім Азия Гран-приі жарыстарына қатысып, 27 сәуір күні Қытайдың Цзясин қаласында өткен Гран-при сериясының екінші кезеңінде бірінші орынды иемденген.
  • Спорттан тыс қызығушылықтары жайлы Әйгерімнің өзі былай дейді: «Сәнқоймын. Талғампаздығым шығар, танымал брендтердің киімдерін жақсы көремін. Болашақта өзімді дизайнер ретінде көргім келеді. Сондай-ақ, тәтті тағам, ас әзірлеп, асханада шеберліктерімді көрсетуге құмармын».

Тізімге қайта оралу