Анастасия Пилипенко (Виноградова)

Бойы

175

Салмағы

60

Аймағы

ALA

Бағдарламасы

100 м с барьерами

Жеке бапкері

Виноградов Олег Михайлович

Спорттық атағы

Халықаралық дәрежедегі спорт шебері

Жеке рекорды

Көрсеткіш Өткен орны Бағдарлама Ранк
12.69
Бішкек
100 м тосқауылдармен
-

Үздік көрсеткіші 2016

Көрсеткіш Өткен орны Бағдарлама Ранк
12.87
Алматы
100 м тосқауылдармен
-

Личный рекорд

Көрсеткіш Өткен орны Бағдарлама Ранк
8.10 Өскемен
60 м тосқауылдар арқылы -

Лучший результат 2016 года

Көрсеткіш Өткен орны Бағдарлама Ранк
8.10 Өскемен 60 м тосқауылдар арқылы     -

Медаль Жарыс Өткен орны Жыл Бағдарлама
күміс Азия чемпионаты Ухань 2015 100 м тосқауылдармен
күміс      Жабық кешендегі Азия чемпионаты Ханчжоу 2014 100 м с тосқауылдармен
қола Қысқы Азия ойындары
Макао 2007   60 м тосқауылдармен

  • Тұрмысқа құрғанға дейінгі тегі Виноградова болған. Жалпы, Анастасияға спринтерлік дарын анасынан дарыған десек болатын шығар. Өйткені, шешесі Елена Виноградова өз дәуірінде теміржолшылар арасында 100 метрге жүгіруде, 100 метрге кедергілер арқылы жүгіруде және 4х100 метр эстафеталық жарыста әлемнің үш дүркін чемпионы атанған Қазақстанға танымал жеңіл атлет болатын.
  • Алматының атынан сынға түседі. Спортшыны әкесі Олег Миxайлович Виноградовтың өзі жаттықтырады. Өз кезегінде Олег Михайлович Ленинградтағы әйгілі Лесгафт атындағы дене шынықтыру институтын бітірген. Спортшы кезінде спринттік жарыс пен эстафеталық жүгіруге машықтанған
  • Анастасия қатарынан үш Олимпиада ойындарына қатысқан. 2008 жылы Бейжіңде, 2012 жылы Лондонда және 2016 жылы Рио де-Жанейрода 100 метрге кедергілер арқылы жүгірген. Үздік көрсеткіші Бейжің Олимпиадасына тиесілі. Мәре сызығын 12,99 секундта қиып өтіп, 17-ші орыннан көрінген.
  • 100 метрге кедергілер арқылы жүгіруге дейін Настя 100 және 200 метрлік спринттік жарыстарға машықтанған. Тіпті, 200 метрге жүгіруден Қазақстан рекордын орнатқан (23.00 секунд). 100 метрдегі ең жақсы нәтижесі – 11,25 секунд.
  • 100 метрге кедергілер арқылы жүгіруден жеке рекордын (12.69) 2012 жылы орнатты. 2015 жылы Қытайдағы Азия чемпионатында күміс медаль иеленген.
  • • Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің биология факультетін «экология» мамандығы бойынша бітірген. Қазір осы университетте «Дене шынықтыру және спорт» мамандығында оқып жатыр. Даниэл есімді ұлы бар.
  • • 2016 жылы маусым қорытындысы бойынша 100 метрге кедергілер арқылар жүгіруден Азиядағы ең үздік көрсеткішке ие - 12.87 секунд.

Тізімге қайта оралу