Мерджен Ишангулиева

Бойы

164

Салмағы

51

Аймағы

ALA

Бағдарламасы

400 м, 400 метрге жүгіру, 400 м тосқауылдар арқылы жүгіру

Жеке бапкері

Любовь Ивановна Никитенко

Спорттық атағы

Спорт шебері

  Жеке рекорды

Көрсеткіш Өткен орны Бағдарлама Ранк
54.50
Алматы
400 м -
57.72 Алматы 400 м тосқауылдар арқылы жүгіру -

Үздік көрсеткіші 2016

Көрсеткіш Өткен орны Бағдарлама Ранк
56.48
Өскемен 400 м
58.25 Өскемен 400 м тосқауылдар арқылы жүгіру -

  Жеке рекорды

Көрсеткіш Өткен орны Дисциплина Ранк
55.62
Алматы
400 м -

Үздік көрсеткіші 2016

Көрсеткіш Өткен орны Дисциплина Ранк
55.62
Өскемен 400 м

Медаль түрі

Жарыс атауы

Жарыс өткен қала

Өткізілген жылы

Сайыс түрі

Алтын

ҚР халықтар Спартакиадасы

Алматы 2015

400 метрге тосқауылдар арқылы жүгіру

Алтын

Ғ.Қосанов Мемориалы

Алматы 2015

400 метрге тосқауылдар арқылы жүгіру

Күміс

ҚР чемпионаты

Алматы 2016

400 метрге тосқауылдар арқылы жүгіру


  • 2009 жылғы Берлиндегі әлем чемпионатының қатысушысы
  • Мерджен – Түркіменстанда дүниеге келген. Жаңа ғасырдың алғашы 10 жылдығында сол елдің үздік жеңіл атлеттерінің бірі болды. Мысалы, 2008 жылы Ишангулиева Түркіменстан чемпионатында 100,400 метрге және 400 метрге тосқауылдар арқылы жүгіру бойынша чемпион атанған. Түркіменстан құрамасы сапында Қазақстанға бірнеше рет келіп, Қосанов Мемориалында жүлдеге іліккен. 2009 жылы Берлиндегі әлем чемпионатына қатысқан.
  • Алматыға көшіп келген соң, көпшілікті таңқалдырып, 2014 жылы наурыз айында бокстан әйелдер арасындағы Қазақстан чемпионатына қатысады. Тіпті, сол біріншілікте 51 келіде күміс жүлдеге ілігеді. Кейіннен ұлттық құрама сапында 2014 жылғы Оңтүстік Кореяның Чеджу қаласында өткен әлем чемпионатында өнер көрсетті. Бірақ 1/8 финалда АҚШ-тан келген Марлен Эспарзеге жеңілді. Сол чемпионата қолың жарақаттап алып, әріқарай боксты жалғастырған жоқ.
  • 2014 жылы жарақатына байланысты бокстағы карьерасын аяқтаған соң, жеңіл атлетикаға қайта оралды. 2015 жылы 400 метрге кедергілер арқылы жүгіруден халықтар Спартакиадасы мен Қосанов Мемориалын жеңіп алды. 2017 жылы жеңіл атлетикадан ұлттық құраманың штатына ілінді.
  • Ишангулиева еліміздегі беделді бапкерлердің бірі Любовь Никитенконың қарамағында жаттығады. Бұл маманның танымал шәкірттері өте көп. Олардың арасында 1988 жылы КСРО құрамсы сапында 4х100 бойынша командалық эстафетада Олимпиада чемпионы атанған Виталий Савин, Сидней Олимпиадасының жеңімпазы Ольга Шишигина, 400 метрге тосқауылдар арқылы жүгіруден үш дүркін Азия ойындарының чемпионы атанған Наталья Әлімжанова (Торшина) және т.б спортшылар бар.
  • 2017 жылдан бастап Мерджен 400 метрге жүгіру және 400 метрге тосқауылдар арқылы жүгіру бойынша өнер көрсетіп жүр. Тосқауылдар арқылы жүгіруден Қазақстан чемпионаты мен кубогында жеңіске жетті. Сондай-ақ өзінің жеке рекордың орнатты – 57.72 секунд.
  • Ол өзінің әмбебап спортшы екенін әрдайым дәлелдеп жүреді. Тіпті Алматыда өтетін халықаралық марафонда 21 шақырымға жүгіріп, жүлделі орынға іліккен.
  • Мерженнен спорттан өзге қандай қызығушылығын бар деп сұрағанда: «Менде барлығы спортпен байланысты. Бос уақытым өте аз. Соған қарамастан арасында өзімді жаттықтырушы ретінде сынап көремін. Жүгірумен айналысатын әуесқойларды жаттықтырамын. Сондай-ақ Алматыдағы кросс-орталықтардың бірінде өзімді тәжірибеден өткізіп жүрмін. Маған адамдармен жұмыс істеген ұнайды», – дейді ол.

Тізімге қайта оралу