Диана Нүсіпбекова

NR

Бойы

168

Салмағы

78

Аймағы

ALA

Бағдарламасы

Балға лақтыру

Жеке бапкері

Лесовая Татьяна Дмитриевна

Спорттық атағы

Спорт шебері
  • Outdoor үздік көрсеткіші
  • Жеке рекорды

    Көрсеткіш Өткен орны Бағдарлама Ранк
    62.50 Алматы
    балға лақтыру NR

    Үздік көрсеткіші 2016

    Көрсеткіш Өткен орны Бағдарлама Ранк
    62.50 Алматы
    балға лақтыру NR

  • Indoor үздік көрсеткіші

  • Рекордсменка Казахстана

    Медаль Жарыс Өткен орны Жыл Бағдарлама
    қола
    Жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионаты Тайбей
    2014 балға лақтыру

  • Биография
    • Алматы қаласының намысын қорғайды. 1980 жылғы Олимпиаданың күміс медаль иегері, Қазақстанға танымал бапкер және спортшы Татьяна Лесованың тобында жаттығады.
    • Диананың өзі айтқандай, жеңіл атлетикада шар балға лақтыруға бірден бет бұрған жоқ. «Біраз уақыт ядро серпумен айналыстым. Кейін бапкерім қолыма балға беріп «байқап көр» деді. Бірден алысқа ұшты. Кейін «снарядты» дұрыс лақтырудағы қимыл-қозғалыстарды үйрендім. Өзіме ұнап кетті де, ары қарай тек шар балға лақтыруға ғана машықтандым», - деп еске алады Диана.
    • Нүсіпбекова 18 жасында Тайбейде өткен жастар арасындағы Азия чемпионатында қола медаль иемденеді. Бір ай өткен соң Юджинде (АҚШ) өткен жастар арасындағы әлем чемпионатына қатысып, квалификациядан өте алмай, ТОП-12 спортшының қатарынан тыс қалып қойды.
    • Жасына қарамастан Диана Қазақстан құрамасының бірнеше жылдан бергі штаттағы атлеті. Әр маусым сайын көрсеткіштерін жақсартып келеді.
    • Нүсіпбекова 2016 жылы 25 мамырда өткен Қазақстан чемпионатында шар балға лақтырудан 62.50 метр нәтижесімен ел рекордын орнатқан. Мамандар бұл көрсеткіштің әлі де жақсаратынына сенімді. Себебі, өткен жылы бір рет балтаны 64.48 метрге лақтырған. Егер осы нәтиже есепке алынғанда Диана Азия рейтінгінің алғашқы ондығына енетін еді.
    • Өзінің міндеттерінің бірін ол былай айтады: «Нормативі 69 метр болатын xалықаралық спорт шеберінің нәтижесіне ұмтылу керекпін». Ал мұндай нәтижемен ол Азия чемпионатының медалына таласа алады.

    Тізімге қайта оралу