NR

Иван Иванов

Бойы

203

Салмағы

150

Аймағы

ALM

Бағдарламасы

ядро серпу

Жеке бапкері

Сергей Борисович Волков

Спорттық атағы

Халықаралық дәрежедегі спорт шебері

Жеке рекорды

Көрсеткіш Өткен орны Бағдарлама Ранк
20 м
Алматы
ядро серпу -

Үздік көрсеткіші 2016

Көрсеткіш Өткен орны Бағдарлама Ранк
19 м 63 см
Алматы
ядро серпу -

Жеке рекорды

Көрсеткіш Өткен орны Бағдарлама Ранк
20 м 51 см
Алматы
ядро серпу NR

Үздік көрсеткіші 2016

Көрсеткіш Өткен орны Бағдарлама Ранк
20 м 51 см Алматы
ядро серпу NR

Медаль Соревнование Место проведения Год Дисциплина
Алтын

Жабық кешендегі ҚР чемпионаты

Өскемен
2016 ядро серпу

  • 2016 жылғы Рио де-Жанейро Олимпиадасының қатысушысы
  • Азия Гран-Приінің қатысушысы
  • Иванов бірнеше жыл бойы ядро серпуден Қазақстан құрамасының көшбасшысы. Отандық жеңіл атлетикада 10 жыл бойы ядроны 20 метрден артық серпіген ешкім болмаған еді. Иванов бұл қашықтықты 2016 жылы бағындырды.
  • Ол жарыстарға Алматы обысындағы шағын қала Үштөбенің атынан сынға түсіп жүр. Иван – Қазақстанның бірнеше дүркін чемпионы. Бүгінгі таңда оған елімізде лайықты бәсекелес бола алатын спортшы жоқ.
  • Ивановтың жеке бапкері мектептегі денешынықтыру мұғалімі Сергей Волков. Ол жеңіл атлетикаға дейін баскетболмен айналысқан. Сондай-ақ волейбол, дзюдо, бокс үйірмелеріне де қатысқан.
  • Ядро серпумен сегізінші сыныптан бастап жаттыққан. Ол кезде бозбала Иванның бойы – 1.90, салмағы да аз емес болатын. Сондықтан жеңіл атлетикада ядро серпу мен диск лақтырудың біреуін таңдау қажет еді. Оның таңдауы ядроға түсті. Сөйтіп, кәсіби түрде ядро серпумен айналыса бастайды.
  • Иванов бірнеше жылдан бері Португалияда КСРО-да туып өскен Владимир Зинченкомен бірге жаттығып жүр. «Португалияда жаттығуыма Қазақстан жеңіл атлетика федерациясының басшылығы жағдай жасап берді. Мені дайындап жүрген Владимир Зинченко өте білікті маман. Ол кісіден көп нәрсе үйренуге болады. Мен Португалия астанасы Лиссабонда жаңа заманға сай салынған еуропалық базада жаттығамын. Бізде ондай база жоқ. Португалияда визамның уақыты біткенше дайындаламын. Әзірге басты проблема – виза болып тұр», – дейді спортшы.
  • Республикалық ірі додаларда Иван арасында диск лақтырудан да қатысады және әрдайым жүлделі орындарға ілігіп жүреді.
  • Ол соңғы жылдары Азия Гран-приіне тұрақты түрде қатысып жүр. Сары құрлықтың Гран-приіне әр сайыс түрінен 8 спортшы ғана өнер көрсете алады. Иванов жыл сайысын шеберлігін жетілдіріп, Азия чемпионаты мен Азия ойындарында жоғары орындарға ілігуге жақындап келеді.
  • Иван 2016 жылы Рио-де-Жанейро Олимпиадасында өнер көрсетті. Алғашқы Олимпиадасы аса сәтті бола қойған жоқ. Дегенмен мол тәжірибе жинақтағаны анық.
  • Азияның ядро серпуші атлеттерінің арасында ол 2016 жылы бесінші орында болды. Ивановтың өткен жылғы үздік көрсеткіші – 19.63 метр. Бірінші орында үндістандық Тиджиндер Пал Сингх (Индия) – 19.93. Иванов Азия көшбасшысынан тек 30 сантиметрге қалып қойған. Егер Өскеменде өткен жабық кешендегі нәтижесін стадионда да көрсеткен де бірінші орында тұрушы еді (20.51 метр).

Тізімге қайта оралу