Көктемгі Қазақстан чемпионаты 2018

Есептегіш

7

Күн
Шымкент

«Altay athletics» клубының мақсаты, міндеті (ВИДЕО)

04.11.2017

178
 «Altay athletics» клубының мақсаты, міндеті (ВИДЕО)

Кеше Өскемен қаласында «Altay athletics» атты алғашқы кәсіби жеңіл атлетика клубы құрылып, ресми таныстырылымы өтті.

Салтанатты шараға Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов қатысты.

– Аймағымыздағы спорттың жаңа серпін алғанына өте қуаныштымыз. Мұны біздің белді спортшымыз Ольга Рыпакованың бастағаны қуантарлық жағдай. Барлық балалардың спорттың жай ғана қызығушылық емес, елінің лайықты, кәсіби  азаматы болуына үлкен мүмкіндік екенін түсінсе деймін. Алдағы жылдарда «Алтай» брендын күллі әлем таныса деген ойдамыз, – деді Даниал Ахметов. 

Клуб құрамында қазіргі кезде 7 спортшы бар. Олар: Олимпиада чемпионы Ольга Рыпакова және болашағынан үлкен үміт күттіретін жас атлеттер Варвара Назарова мен Артур Гафнер. Сондай-ақ Кениядан 4 спортшы шақырылды. Атап айтсақ, 17 жастағы стайер яғни ұзақ қашықтыққа жүгіретін Шэдрак Кимутаи Коич, оның тәжірибелі отандастары Каролин Чипкоич Кипкируи, Тануи Нора Джируто, Дэйзи Джипкемей бар.

Жаңадан құрылып жатқан клубтың бас менеджері болып Швейцария азаматы Гвидо Тоньони тағайындалды. FIFA секілді халықаралық ұйымдарда, әр түрлі спорттық клубтарда қызмет атқарған. Ал атқарушы директор қызметі қазақстандық Асхат Сейсембековке жүктелді. 

«Altay athletics» клубы туралы төмендегіден видеодан біле аласыздар. 


Тізімге қайта оралу